Эмпатия орталығы ашылды
- 1 view
Университетте «Педогогика және филология» факультеті «Педогогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Эмпатия» кеңес беруші-ресурстық қолдау орталығы ашылды. Шараға ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығынан, Шымкент қаласындағы бірқатар оқу орындарының оқытушылары, студенттері мен оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты.
«Психологиялық ғажайыптар әлеміне саяхат» атты шеруде ертегітерапия бұрышы, шығармашылық креативтілік бұрыш, психодиагностикалық және нейропсихолог бұрыштары келушілерге қызмет көрсетті. Студенттер ертегі кейіпкерлерін сомдап, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Ал, психология ғылымының патшайымы түйсік, қабылдау, мінез, ашу, ерік, жігер, апатия, эмоция, сөйлеу, ойлау, темперамент және қуаныш сынды адамның ішкі жан-дүниесіндегі құбылысты нөкерлері арқылы білдіріп, әдемі креативті шоу болды. Орталықтың ашылуында сөз алған Tashenev University негізін қалаушы Оңалбай Аяшев орталықтың студенттер мен оқытушыларға берері көп екенін жеткізді. «Өзгенің көңіл күйін эмоционалды түсінуді білдіретін эмпатия орталығы қазіргідей қым-қуат кезеңде өте қажет. Келешекте кеңес беруші-ресурстық орталықта Университет білім алушыларының көңіл-күйіндегі, мінезіндегі қандай бір өзгерісті қалпына келтіреді. Мұндағы терапиялар оқытушы-профессорлық құрамға көмегін тигізіп, жұмыс қабілетін арттырады» деді ол.
Ал,шараны ұйымдастырушы «Педогогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Мадина Байбекова орталықтың ашылуына қала мектептері мен колледждердің және университеттің студенттерін тарта отырып, бір-бірімен сабақтастықты нығайтуды көздегенін атап өтті. Олар психолог қызметіне тән әдістемелер мен ойындар арқылы осынау саланы тереңірек түйсінеді.
Креативті шоу ретінде ұйымдастырылған шарада қонақтар түрлі терапияда өздерін сынап, нәтижелерін көріп, көңілді өтті. Студенттер де белсенді атсалысты. Енді университет жанынан ашылған орталықта психолог, дефектолог мамандары күн сайын қызмет көрсетеді.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет