Жатақхана тапшылығы жоқ

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Дәл қазір еліміздің барлық аймағында студенттерді жатақханамен қамту мәселесі күрделі күйінде тұр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударған болатын.
Шілде айында өткен Үкімет отырысында да бұл тақырып өзекті мәселе ретінде айтылды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 1 қыркүйекке дейін білім алушыларды жатын орынмен қамту мәселесін шешуді тапсырды.
Бұл тұрғыдан үшінші мегаполистегі іргелі оқу орны -- Tashenev University-де өзектілік жоқ. Біздің университетімізді таңдаған білім алушыларға 387 орындық 2 жатақхананың есігі айқара ашық. Студенттер үшін барлық жағдайы жасалған жатақханаға орналастыру 15 тамыздан бастап цифрлық жүйемен жүзеге асып жатыр. Әзірге жатын орыннан ешқандай тапшылық жоқ. Tashenev University-нің студенттеріне жаңа оқу жылының басында баспана мәселесіне бас ауыртпай, оқуға еркін дайындықпен келуге мүмкіндік жасалған.
 

Оқиға категориялары