Университет жастары халықаралық конференцияда

"Сырдария" университетінің бір топ белсенді студенттері 2018 жылдың 16 ақпанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне барып қайтты. ОҚМУ-дың "Тұңғыш Президент" кітапханасының бастамасымен "Елбасы феномені" тақырыбындағы халықаралық конференцияда республиканың түрлі аймақтарындағы оқу орындары мен шет елдік ЖОО студенттері бас қосты.

Денсаулық – байлық негізі

2018 жылдың 13-ақпанында университеттің Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, п.ғ.к., доцент Н.С.Тленчиева, Медициналық қызмет бөлімі аудандық дәрігерлермен кездесу өткізді. "Ерте жүктіліктің салдары", "Сүт безінің обыр ауруы және алдын алу" тақырыбындағы семинарда аудандық аурухананың онколог дәрігері Ә.Шералиев, қалалық емхананың акушер-гинекологы Ф.Зербаева, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушісі Е.К.Жантөреева, осы орталықтың дәрігері Д.Б. Бұхарбаева баяндама жасады.

Абдуразова Перизат Адилбековнаны философия докторы (PhD) атағымен құттықтаймыз

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы" 2018 жылғы  8 ақпандағы №220  Комитет төрағасының бұйрығына сәйкес Абдуразова Перизат Адилбековнаға 6D072000 – "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы"  мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

П.А.Абдуразованы білім және ғылым саласындағы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Соғады жүрек

9-ақпан күні қазақ поэзия әлемінде алтын әріптермен таңбаланатын ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дүние есігін ашқан күнін атап өту дәстүрге айналған. Жыл сайын өткізілетін поэзиялық іс-шараның биылғы көрінісі айрықша сипатта болып өтті.

Университеттің "Гуманитарлық білім" факультеті, "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасы, "Кітапхана" бөлімі бірлесіп ұйымдастырған "Соғады жүрек" атты әдеби-сазды кешті жандандыра түскен – студент жастар.

Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2017

2018 жылдың 9-ақпанында "Педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2017" атағының иегері куәлігін салтанатты түрде тапсырды.

Гүлнар Тәжібайқызын мәртебелі атағымен шын жүректен құттықтаймыз! Денсаулық, табыс, бақ-береке тілейміз!

Жас ғалымдар кеңесінің кезектен тыс жиыны болып өтті

Ақпан айының 8-жұлдызында Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры г.ғ.к., доцент А.Д.Тажекова "Жас ғалымдар" кеңесінің кезектен тыс жиынын өткізді.

Университеттің ғылыми істер бойынша маманы, "Жас ғалымдар" кеңесінің төрағасы Н.А.Аманбаев профессор-оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебіне тоқталды.

Елбасы Жолдауы – Жастар назарында

Ақпан айының 3 жұлдызында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауын жастар арасында насихаттау және пікіралмасу мақсатында ОҚМУ-дың "Жалынды жастар" пікірсайыс клубы ұйымдастырған аймақтық пікірсайыс турниріне университет студенті М.Бектеміс қатысып қайтты.

38 фракция қатысқан пікірсайыстың АПФ форматында өткен ойында төрағалық етсе, ЛД форматында өткен сайыста "Үздік спикер" номинациясымен марапатталды.

Жас отан – жастар қанаты

"Сырдария" университетінің белсенді студенттері шоғырланған "Елбасы серіктестері" ұйымының төрағасы М.Бектеміс және ұйым мүшелерінің бастамасымен аудандық Жас отан жастар қанатының төраға орынбасары Айқын Бағланмен кездесу өткізді. 2018 жылдың 1 ақпанындағы басқосуында студенттер Жас отанның мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы мақсат, міндеттеріне қанық болып, Елбасының Жолдауына назар аударды.

Жастар Жолдауды қолдайды

Бүгін университет жастары мемлекет басшысының Жолдауын талқылау және оны насихаттау мақсатында семинар өткізді. "Гуманитарлық білім" факультетінің студенттік деканы және белсенді студенттері атсалысқан бұл шарада Жолдаудың он бағыты жастардың көзқарасымен бағамдалды.

Университеттің кәсіптік практика жетекшісі ғ.м., аға оқытушы Н.С.Файзиев, оқытушы С.Таубаев мемлекеттік саяси бағдарламаның маңызы туралы тұжырымдарын білдіріп, жастарды қолдауға және одағы басымдықтардың орындалуына ықпал етуге шақырды.

Республикалық бірыңғай сағат өткізілді

Бүгін "Сырдария" университеті Елбасының халыққа Жолдауының тоғызыншы бағытын негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында "Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты" тақырыбында жиын өткізді.

Оқиға категориялары