Төребаев Бейсенбай Тасболатұлы

Мен, Төребаев Бейсенбай Тасболатұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы Әкімдігінде экономика және қаржы бөлімінің бастығы болып қызмет атқарамын.

Білімім жоғары, Бухгалтер аудитор мамандығын бітірдім.

2011-2012 жыл аралығында "Сырдария" универиситетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша сырттай бітіріп шықтым. "Сырдария" универиситеті аудан көлемінде орналасқанына қарамай, оның материалдық техникалық базасы заман талабына сай жоғары дәрежеде екендігін зор сеніммен айта аламын. Ондағы профессор-оқытушылардың бізге берген білімін өз жұмысымда жан-жақты пайдаланып отырмын. Мысалы ретінде философия ғылымдарының докторы, профессор Қ. Ахметов, экономика ғылымдарының докторы Б.Серіков т.б. ұстаздардың теория жүзінде берген білімін, іс-жүзінде өз жұмысымда бүгінде тәжірибеммен ұштастырып жүргеніме міне 3 жыл болыпты. "Сырдария" универиситетінің бітірген түлектері қазіргі таңда тек қана Мақтарал ауданында ғана емес, облыс көлемінде, тіпті Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінде түрлі жұмыстар атқаруда.

Мен, "Сырдария" универиситетінің келешегіне үлкен сеніммен қараймын, оның келешегі зор.

Ғұмыры ұзақ болсын! "Сырдария" универиситеті деген тілек айтқым келеді.

Бітіру жылы