Физикадан үйірме жұмысы

"Сырдария" университеті, Жоғары математика және физика кафедрасының оқытушылары п.ғ.к., доцент Бердалиева Тилла мен ғ.м., аға оқытушы Улукбаев Канат 5 наурыз күні үйірме жұмыстарын жүргізді.

Әлемнің асылы – сұлулар

Бүгін университеттің "Биология" кафедрасы мен мамандық студенттері көктемнің алғашқы күндерімен ілесе келген АРУЛАР күнін атап өтті.

Мамандық студенттері белсене қатысқан концерттік шара барысында Г.Сәрсенбаева "Сол жағым сыздайды" монологын оқып, А.Сағындық "Әйел бақыты", Б.Азатбай "Қайда, қайда", "Қазақ қыздары" әндерін орындады. Мың бұрала билеген арулар ұлттық және заманауи шетелдік билерді нақышына келтірсе, мамандық жігіттері әзіл-қалжыңға толы көріністерімен, ойындарымен көрерменге мерекелік көңіл-күй тарту етті.

Белсенді жастар бас қосты

Ақпан айының 28 жұлдызында "Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың саяси ұстанымы мен ұлттық жаңғыру жолы" тақырыбында І облыстық студенттер форумы болып өтті.
Жас ізденушілердің басын қосқан форумның мақсаты – студенттердің жоғары оқу орындарындағы қоғамдық белсенділігін арттыру, Елбасы Жолдауында туындайтын міндеттерді жастар арасында насихаттау және оның іске асырылуына жас ізденушілердің ықпалын нығайту, жастардың өзін-өзі басқару қабілеттерін дамыту.

Қазақ еліне мың тағзым!

Бүгін оқу орнында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылы 14 қаңтардағы Жарлығымен бектілген "1 наурыз – Алғыс айту күні" мерекесіне орай іс-шара болып өтті.

Меркелік іс-шарада университеттің Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, п.ғ.к., доцент Н.С.Тленчиева, "Гуманитарлық білім" факультетінің деканы К.Ә.Исаева сөз сөйлеп, бұл күннің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Жыр алыбы Жамбыл 172 жаста

Биыл жыр алыбы Жамбылдың туылғанына 172 жыл. "ХХ ғасырдың Гомері" атанған жыр дүлдүлінің мерейтойына орай "Кітапхана" бөлімі "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы студенттерінің қатысуымен әдеби-мерекелік кешті атап өтті. Әдеби-мерекелік кешке университет ректоры, п.ғ.к., доцент С.С.Дайырбеков, ф.ғ.к., доцент Л.У.Абенова қатысты.

Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбылдың рухына тағзым еткен жастар қара өлең алыбының өмір жолы, шығармашылық әлемі туралы баяндама жасап, бейнебаян көрсетті.

Сағындырған әндер-ай

"Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойына орай "Өнер" факультетінің бастамасымен "Сағындырған әндер-ай" атты ретро ән кеші болып өтті. Кештің жарқын көңіл күймен өтуіне факультет студенттері белсене атсалысты. Сағындырған әндер жылдардың арасына жол салып, кеше мен бүгінді тоғыстырып әр жүрекке еріксіз ән салдырды.

Балықтың анатомиялық және морфологиялық құрылысы

2017-2018 оқу жылында "Өркен" студенттік ғылыми – үйірмесінің жоспарына сәйкес "Балықтың анатомиялық және морфологиялық құрылысы" тақырыбында үйірме жұмысы жүргізілді.

Үйірме жұмысына "Биология" кафедрасының профессор-оқытушылары мен үйірме мүшелері, Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, г.ғ.к., доцент А.Д. Тажекова, университеттің Ғылыми істер жөніндегі маманы Н.С.Аманбаев және өзге кафедралардан үйірме жетекшілері қатысты.

Мақтаарал ауданының қәзіргі экологиялық жағдайы

Ақпан айының 20-шы жұлдызында сағат 16:00-де "Химия және география" кафедрасына қарасты 5В011600 – "География" мамандығының "Оазис" үйірмесінің Биология ғимаратында № 8 дәріс залында "Мақтарал ауданының қазіргі экологиялық жағдайы" атты тақырыпта кезекті семинары болып өтті. Семинарды жүргізген "Оазис" үйірмесінің жетекшісі: ғ.м., оқытушы Б.Д. Исабеков және үйірме құрамындағы студенттер. Семинарға универсиетіміздің бірқатар оқытушылары да келіп қатысты.

Латынды қолдау акциясы

Елбасы Жолдауындағы басымдықтардың жүзеге асырылуына өз үлестерін қосуды мақсат еткен "Сырдария" университетінің белсенді жастары түрлі іс-шараларды ұйымдастырып келеді. Жас отандықтардың бұл жолғы бас қосуының бағыты – латын әліпбиін қолдау акциясы.

"Елбасы серіктестері" ұйымының жетекшісі Бектеміс Мейірханның бастамасымен студенттер арасында "Латынды қолдаймыз" акциясы өткізілді. Бәсекеге қабілеттілікті талап ететін қоғамға бейімделіп келе жатқан жас буын акция барысында өз ұсыныстарын латын әліпбиімен өрнектеп, плакаттарға латын әліпбиінде есімдерін жазды.

Оқиға категориялары