Авторлық куәлік иегері атанды!

«Құқық және экономика» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы Джандарбек Бауыржан Абылқасымұлы белгілі заңгерлер Ж.М және М.В. Чокиндермен бірлесіп «Гражданское процессуальное право Республика Казахстан» оқулығын дайындап шығарғаны үшін Қазақстан Республикасы «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы» Куәлігін (авторлық куәлік) алды. 
PDF-нұсқа
 

Құрметті талапкер!

Құрметті талапкер, Сіз жоғары білім алу үшін өзіңіздің болашақ жоғары оқу орныңызды таңдаған боларсыз!

Егер білім беру бағдарламаларын таңдау, дайындық бағыттары бойынша бөлінген гранттар бойынша, мемлекеттік тапсырыс орналастырылған жоғары оқу орындары бойынша, шығармашылық емтихандар және басым құқық бойынша сұрақтар туындаса,Syrdariya University қабылдау комиссиясына қоңырау шалуыңызға болады.

“Рамазанда бір жақсылық” акциясы

Syrdariya University волонтер-жастарының дәстүрге айналған қайырымдылық шарасы бар. Бұл дәстүр биылғы Рамазан айында өз жалғасын тапты.

Университет қызметкерлері мен студент-жастардың ұйымдастыруымен Жетісай қалалық мектеп-интернатындағы балаларға сыйлықтар табысталды. Әр түрлі кітаптар, оқу барысында қолданылатын ең қажетті заттар үлестірілді. Студенттер олармен бірге сергіту сәтін ұйымдастырып, қызықты ойындарды бірге ойнады. Оқушылардың қуанышында шек жоқ екені олардың көңіл-күйлерінен көрінді.
 

Студенттік қорытынды кеңес өтті

Syrdariya University әрқашан өз білім алушылары үшін үздік тәжірибелерді лайықты түрде қолданады. Бұл үрдіс студенттердің жеке тұлғалық дамуы мен жаңа дағдыларының қалыптасуында маңызды роль ойнайды. Солардың бірі Студенттік Кеңес.

Қазірде бұл кеңес университеттің ең белсенді жастарын біріктіруші, көшбасшы құрылымға айналып, студенттік өзін-өзі басқарудың эталонына айналды. Кеңес құрамына SU Students’ Union, студенттік ректорат мүшелері, студенттік офицерлер, студенттік ұйым жетекшілері кіреді.

"Ыбырай Алтынсарин және қазіргі заманауи білім" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Ұлы ағартушы - ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Ыбырай Алтынсарин және қазіргі заманауи білім» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Сыры терең сұлулықтың сиқыры

Түркістан облысы, Жетісай қаласы "Сырдария" университетінде 2021 жылдың 29 наурыз бен 2 сəуір аралығында 1 курс студенттері үшін, "Сыры терең сұлулықтың сиқыры" атты əсемдік апталығы ұйымдастырылды.

Ашық тəрбие сағат: "1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі"

Бүгін "Сырдария" университетінің "Құқық жəне экономика кфедрасының 6В04201 білім беру бағдарламасының Құқық-10, 1-курс тобының тəлімгері, оқытушы Ихласова Мира "1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі" күніне орай ашық тəрбие сағат өткізді!

Тəрбие сағат мақсаты білім алушыларды бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тəрбилеу.

Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған "Ыбырай Алтынсарин және қазіргі заманауи білім" конференциясы

Онлайн-конференция Zoom платформасын қолдану арқылы өтеді

Модератор - Файзиев Нұржан Сапарханұлы

Конференция идентификаторы: 363 476 65 84

Кіру коды: 2020

Күні: 30 сәуір

Уақыты: 10:00

Подключиться к конференции Zoom
https://us02web.zoom.us/j/3634766584?pwd=R0lRWE9ac3dzR2NSbWJDMU82a1hiZz09

Оқиға категориялары