Сыры терең сұлулықтың сиқыры

Түркістан облысы, Жетісай қаласы "Сырдария" университетінде 2021 жылдың 29 наурыз бен 2 сəуір аралығында 1 курс студенттері үшін, "Сыры терең сұлулықтың сиқыры" атты əсемдік апталығы ұйымдастырылды.

Əсемдік апталыққа "Сырдария" университетінің "Экономика жəне заңтану" факультетінің 1-курс студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Осыған орай факультет аралығында жүлделі студенттерді марапаттау рəсімі өткізілді. Марапаттау рəсімінде "Экономика жəне заңтану" факультетінің деканы Ынтымақов.С.А. студенттерді құттықтап, марапаттады.
Соның ішінде, "Сүйкімді сұлу" жүлдесімен Қаныбек Нағима,
"Сəнқой қыз" номинациясымен Қуанышбек Мөлдір,
"Сəнқой жігіт" номинациясымен Қорғанбаев Нұрбол марапатталды!