Студенттік қорытынды кеңес өтті

Syrdariya University әрқашан өз білім алушылары үшін үздік тәжірибелерді лайықты түрде қолданады. Бұл үрдіс студенттердің жеке тұлғалық дамуы мен жаңа дағдыларының қалыптасуында маңызды роль ойнайды. Солардың бірі Студенттік Кеңес.

Қазірде бұл кеңес университеттің ең белсенді жастарын біріктіруші, көшбасшы құрылымға айналып, студенттік өзін-өзі басқарудың эталонына айналды. Кеңес құрамына SU Students’ Union, студенттік ректорат мүшелері, студенттік офицерлер, студенттік ұйым жетекшілері кіреді.

Студенттік кеңес 2020-2021 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Көшбасшы студенттер өз есептерін беріп, келер оқу жылындағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ дәстүрлі түрде оқу жылы бойы белсенділік танытқан студенттерге Алғыс хат табысталды.