Талапкерге көмек...

Қазақтарда мынадай мақал бар: «көрінген таудың алыстығы жоқ». Айтайын дегеніміз амандық болса, азғантай уақыттан кейін биылғы жылғы 11 сынып оқушылары көктемгі балапандарша жан-жаққа тарап, өмір деген үлкен жолға түсіп кете барады. Әрине, әр адам өз тағдырының архитекторы екені екі бастан белгілі жағдай. Мектеп түлектерінің мыңдаған әскері ересек өмірге алғашқы қадамдарын жасайтын кезде келіп қалды деген сөз. Енді оларға өз өмірінде қандай жолды таңдайтыны, немен шұғылданатыны жайлы шешім қабылдауға тура келеді.

Guest speaker: Тәрбие - ұлт қазынасы

Әлемнің үздік оқу орталықтарындағы үлкен тәжірибелік шараларды Syrdariya University өз білім алушылары үшін лайықты түрде қолданады. Бұл үрдіс студенттердің жақсы дағдыларын қалыптастыруда маңызды роль ойнайды. 

Кезекті спикер Торғай Игенқызы - Syrdariya University “Білім беру технологиялары” кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент.


https://youtu.be/AwSL5a6W_WY
 

Халықаралық онлайн конференция жеңімпазы

«Дизайн және өнер» факультеті «Өнер» кафедрасының 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Серік Жандос Шымкент қаласы Мирас университетінде өткен студенттердің, студенттік халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияда «Оқушылардың көркем дүниетанымын пейзаждық кескіндеме жанры арқылы дамыту» атты мақаласы III-ші дәрежелі дипломға ие болды.

Кәсіптік практикаға орнықтыру конференциясы өтті

Кәсіптік практиканың орнықтыру конференциясын универсиеттің Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, философия докторы(PhD) Бақыт Салманұлы практиканттарға өзінің ізгі тілектерін білдіре отырып ашты.

«ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ» – СУРЕТ, ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ

«Дизайн және өнер» факультетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тарту» атты студенттердің шығармашылық көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде 5В042100 – «Дизайн», 5В012000- «Кәсіптік оқыту», 5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламасы студенттерінің шығармашылық жұмыстары қойылды.

Электрондық оқулықтар - заманауи оқыту құралдары

Бүгінгі күні гипермәтіндік формадағы электрондық оқулықтарды құру және оқу процесіне енгізу бойынша белсенді процесс жүріп жатыр. Электрондық оқулық (ЭО) деп графикалық, мәтіндік, цифрлық, сөйлеу, музыкалық, бейне, фото және басқа ақпараттар жиынтығы, сондай-ақ пайдаланушының баспа құжаттарын анықтауға болады. Электрондық басылым кез-келген электронды ортада орындалуы мүмкін, сонымен қатар компьютерлік желіде жарияланады.

Кітап - тарих пен шежіре

23 сәуір - дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне арналған көрме

Қымбатты ұстаздар, профессор- оқытушылар, 23-сәуір бүкілдүниежүзілік кітап күні мерекесіне арналған «Кітап – тарих, шежіре» атты онлайн көрмемізді назарларыңызға ұсынамыз! 
23 сәуір 1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен «Халықаралық кітап және авторлық құқық күні» болып белгіленген, күллі ғаламның кітап сүйер халқы мен осы сала қызметкерлері үшін мереке, міне сол мерекеге байланысты кітапхана ұжымының атынан, кітап көрмені ұсынсақ. 

"Болашақ ғалымдары" байқауының жеңімпазы анықталды

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырылуымен өткізілген «Болашақ ғалымдары» үздік ғылыми жұмыстар байқауы - студенттік жастардың шығармашылық қабілетін арттыруға жағдай жасау және кәсіби дамуына қолдау көрсету, еліміздің оқу орындарының ғылыми әлеуетін көрсетуді және Қазақстан ғылымының одан әрі дамуын ынталандыру болып табылады.
Оқу ордамыздың білім алушысы Иса Бибідина Таймасқызы студенттердің үздік ғылыми жұмысы республикалық конкурсының жеңімпазы атанды. 
Жеңіс құтты болсын, білім, ғылым жолында аларың шыңдарың биік бола берсін!
 

«Бәсекелестік пен көре алмаушылық» атты тренинг-жорық

 Sirdariya University «Дизайн және өнер» факультетінің «Өнер» кафедрасы
2021 жылдың 23 сәуір күні «Бәсекелестік пен көре алмаушылық» атты университет басшыларына арналған тренинг-жорық өткізді.
  Тренингтің мақсаты: қызметтес адамдар арасындағы бәсекелестік пен көре алмаушылықтың мәні мен айырмашылығын түсіндіру; қызмет барысындағы өзара түсініспеушілік пен араздықты болдырмаудың жолдарын қарастыру; жаңа қызметтес адамдармен жақсы қарым-қатынас орнату мақсатында пікір алмасу.
  Тренинг міндеттері:

Оқиға категориялары