"Әл-Фараби мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция
- 1 view
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
«Сырдария» университеті, 2020 жылдың 27-ші қараша күні өтетін Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ,орыс және ағылшын.
Конференцияның мақсаты ұлы ойшыл, философ-ғалым Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың идеяларын насихаттауға, заманауи Қазақстан қоғамының рухани-адамгершілік және интеллектуалды мәдениетін дамытуға, ойшыл мұраларын елімізде және алыс‐жақын шет елдерде танытуға бағытталған.
Конференция жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Гуманитарлық ғылымдар
- Жаратылыстану ғылымдары
- Педагогикалық ғылымдар
- Экономикалық ғылымдар мен құқықтану
Конференцияға қатысу шарттары.
Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарық көреді 2020 жылдың 20 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетінің nauka.syrdariya@mail.ru электрондық мекен-жайына мақала мәтінін (файл атауы:секция №, мақаланың бірінші авторының тегі; мысалы: 1.2._Иванов_мақала); мақаланы жариялау туралы өтінім (өтінім нысаны бар); төлем құжатын(электрондық түрде болса – сканерленген) жіберулеріңізді сұраймыз.Конференция жарнасы 3000 теңгені құрайды.
Баяндаманы дайындау барысында авторлардың келесі ережелерді басшылыққаалуын сұраймыз.
Көлемі 5 беттен аспайтын қолжазба мәтіні Microsoft Word редакциясында келесі талаптарға сай теріледі: Times New Roman қаріп өлшемі – 14 кегль, жаңа жол бойынша шегініс-1 см; Жоларалық қашықтық – 1; Өріс: сол жағы – 2,5 см, қалғандары – 2,0 см.
Бет нөмірі көрсетілмейді; сілтеме тік жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөмеріне сай көрсетіледі ([1, 256 б.]).
Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін беріледі.
Сонымен қатар мақала қазақ тілінде жазылса, аннотация орыс және ағылшын тілдерінде, ал мақала орыс тілінде жазылса қазақ және ағылшын тілдерінде, ағылшын тілінде жазылса қазақ және орыс тілдерінде жазылуы шарт.
Баяндама мәтіні авторлық басылымда басылып шығады.
Ұйымдастыру комитеті ұсынылған материалдардың мазмұнына грамматикалық және стилистикалық қателіктеріне жауапкершілік алмайды.
Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен кейін (2020 жылы 20 қараша) жіберілген мақалаларды қабылдамауға құқылы.
Конференцияға келумен байланысты шығындар қатысушылар менжіберуші ұйымдар тарапы есебінен жүзеге асырылады.
Ұйымдастырукомитетінің мекен жайы:
160500, Қазақстан Республикасы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 11-үй, «Сырдария» университетінің «А» оқу ғимараты, 3-кабинет.
Анықтама телефондары: 8 /72534/ 6-26-93, +7 7029346492
«Сырдария» университетінің реквизиттері
РНН 580400006905
р/сKZ926010291000013026
БИН 980340002287
КБЕ 17 КПН 859
БИК: HSBKKZKX
АО «Қазақстан Халық Банкі»
Мекен жайы: Жетісай қ., М.Әуезов к., 14
Тел: 8(72534) 6-20-41
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет