М.Әуезов атындағы ОҚМУ "Сырдария" университетімен бірге матаны вирустан сақтау технологиясын жасады.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де "Сырдария" университетімен бірге бірнеше жыл бойы профессор Малик Сатаевтың жетекшілігімен бактерицидтік қаптамаларды мата бетіне және басқа да диэлектрлік материалдарға қондыру бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілді. Ұсынылған әдістердің ерекшелігі - күн сәулесінің әсерінен пайда болатын фотохимиялық процестерді қолдану.

Медицина қызметкерлерінің коронавирусты жаппай жұқтыруы жағдайлары дәстүрлі медициналық киімнің қажетті қорғанысты қамтамасыз етпейтіндігін көрсетеді. Бұл вирустың өміршеңдігін қорғаныш киімнің бетінде ұзақ уақыт сақталуына байланысты болуы мүмкін.

Жақында ғылыми журналдар мен бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде вирустың өмір сүру уақыты айтарлықтай қысқаратындығын немесе мыс немесе күміс бар беттерде толығымен жоғалып кететінін дәлелдейтін ғылыми еңбектер жарияланды.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де Сырдария университетімен бірге бірнеше жыл бойы профессор М.Сатаевтың жетекшілігімен бактерицидтік қаптамаларды мата бетіне және басқа да диэлектрлік материалдарға қондыру бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілді.

Шымкент пен Жетісайдағы сертификатталған зертханаларда жүргізілген сынақтар диэлектрлік материалдарға қондырылған қаптамалардың антибактериалды қасиеттерін көрсетті.

Мыстан, күмістен және алтыннан жасалған қаптамаларды мақта маталарына қондырудың технологиялары жасалған. Технологиялар қарапайым және арнайы жабдықты қажет етпейді, сондықтан оларды қарапайым медициналық мекемелерде де, шағын және орта бизнесте де қолдануға болады.

Осы жұмыстардың нәтижесінде бір докторлық (PhD) және бес магистрлік диссертация қорғалды, оннан астам мақалалар SCOPUS индекстелген немесе WoS жүйесіне енетін журналдарда жарияланды.

 

Оқиға категориялары