Беделің биіктей берсін, "Сырдария"

АТАМЕКЕН-АЙ (12/2006). Еларалық, әдеби-көркем журналы.

Біз - Жетісай каласының студенттері едік. Алыс-алыс қалаларда оқитын құрбыларымыз жазғы демалыста елге келсе, бар білген – көргендерін айтып, бізді қызықтыруға тырысатын «Ауданда жүрсіндер, не білгендерің бар?" дегісі келе ме әйтеуір биіктен» сөйлегілері келген. Өз кезегінде біз де қарсы жауап беріп үлгереміз.
Қазір еске түсірудің өзі қызық...

Біз республика деңгейнде ететін түрлі байқауларға пікір-сайыстар мен студенттік ойын-сауық іс-шараларына көп қатысатынбыз. Жұлдемен оралатынбыз. Ал, кезінде Алматы қаласында марқұм Алматай Көздібаева ханымның бастамасымен ашылған "Қазакша KTK-ғa» (КВН) арнайы шақырылатын «Нағыз Қазақ» командасының жөні бөлек «Сьрдария» университетің атын алғаш рет республикаға танытқан осы команда болатын. Ал облыстық байқауларға қатысып қайткан біздің студенттердің құр қол келгені жоқ. Университет басшылығы жастық жалыны өршіп тұрған талаттарды таңдап, қолтықтан демеуге келгенде тартынып қалмайтын. Университет президенті Есенкүл Сейілкызының шетелдерден елімізге білім іздеп келген оралман ұл-қыздарға анасындай қамқор болып жүретін журекке жылу ұялатады.

 Мен «Сырдария» университетінде 2001-2005 жылдар аралығында білім алдым. Студентпін деп желкілдей беруді, жеңіл жүрістерді жаным қаламайтын. Ол ата-ананың тікелей бақылауында жүргендіктің де әсері болар. Жатақханада жатып, «кой деп қожа» болатын жан табылмастан, түнде кетіп таңертен келетін күндер бізде болған жоқ. Қазар енді осының барлығы біздің саналы да сабырлы болуымызға, жіті білім алуымызға өз септігін тигізген екен ғой деп ойлаймын. Сонымен бірге, «оқимын деген жанға билім - дала мен қалада деп бөле жармайды. Оны іздеген адам ғана табады. Бар білімді пайдалана білу де - өнер, қасиет.

Осы жерде тағы бір нәрсені ескеруіміз керек сияқты. Бұл - Қазақстанда жоғары оқу орындарының көптігі жөнінде. «Қазір жекеменшік жоғары оқу орындарын жабу керек» деген пікір білдірушілер бар. Ал енді ойланып көрелікші...
Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі Мырзашөл өлкесінде 265 мың халық тұрады. Оған Елбасының көреген саясатының пәрменділігімен шетелдерден жыл сайын оралып жатқан қандас-бауырларымызды қосыңыз. Айта кетуіміз керек, оралман-отандастар көп қоныстамган өңір - осы Мақтаарал ауданы Нақты мәліметке сүйенсек тәуелсіздік алған жылдардан бері алыс-жақын шетелдерден осы ауданға 9517 отбасы (32486 адам) көшіп келген. Осындай қазақтың карадомалақтары көптен шоғырланған өңірде жалғыз жоғары оқу орны бар. 15 жасар мемлекетіміз бен үзеңгілес 10 жасар «Сырдарияның» жас болса да асқан асу мен бағындырған белестері баршылық.

 

Тағы бір нәрсе айқын. Бәсекелестік қайнаған мына заманда тек күштілер ғана алға шығады. Ал әлсіздер өз-өзінен құлдырап, жойылуға мәжбүр болады. Бұл - уақыттың талабы. Ал «Сырдария» университеті - бәсекеге қабілетті бірден-бір оқу ордасы. Елбасының өзі келіп, ризашалық білдіргендігінің өзі «Сырдарияға» берілген әділ баға болды дел білемін. Ең бастысы, «Сырдария» университеттің түлектері республиканың түкпір-түкпірінде жемісті қызметтер атқарып жұр. Бұл да – «Сырдарияның» нәтижелі жемісі. Кеше ғана осы білім ордасың бітіріп қолыма диплом алған мен де бүгін күні облыстың айнасы.

80 жылдан астам тарихы бар. - "Оңтүстік Қазақстан» газетінде қызмет етіп жүргендігімді айта кеткенім жөн болар. Қиын да қызықты журналистика саласына баулып, жөнді жол сілтеген аяулы ұстаздарыма алғысым шексіз. Ұстаздар артқан сенімді ақтар шақ алда деп ойлаймын. Біз байыпты да беделді басшылығы бар, бәсекеге қабілетті білім ордамызды мақтан етеміз.

Рахмет саған, "Сырдария".

Ақбаян САПАРБАЕВА, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің тілшісі, Шымкент қаласы

 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.