Керимбаева Зүбайда Керімбайқызы "Білім берудегі жаһандық келешектер" пәнінен "Білім сапасын бағалаудың халықаралық жүйелері" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
2026-04-10
Ж.А. Тәшенев университеті АҚ «Педагогикалық және гуманитарлық білім беру» факультеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Керимбаева Зүбайда Керімбайқызы оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспарына сәйкес 10 сәуір күні "Білім берудегі жаһандық келешектер" пәнінен "Білім сапасын бағалаудың халықаралық жүйелері" тақырыбында ПИК-24-5к1,2,3,4 оқу топтарымен ашық сабақ өткізді. Дәріс барысында білім сапасын халықаралық деңгейде бағалаудың негізгі жүйелері, олардың мақсаттары мен ерекшеліктері қарастырылды. Атап айтқанда, студенттердің білім жетістіктерін бағалауға арналған халықаралық зерттеулер – PISA, TIMSS және PIRLS бағдарламаларының мазмұны мен маңызы жан-жақты талданды. Дәріс барысында білім беру сапасын бағалаудың заманауи тәсілдері, халықаралық тәжірибелер және олардың ұлттық білім беру жүйесін жетілдірудегі рөлі туралы ақпарат берілді. Студенттер тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, халықаралық бағалау жүйелерінің артықшылықтары мен ерекшеліктерін талқылауға белсенді қатысты.
Сабаққа кафедра меңгерушісі, PhD, аға оқытушы Амирова Г.О., магистр, оқытушы Тамабай Әсел, магистр, оқытушы Жораева Г.Б., магистр,оқытушы Мирзакулова Ә.Т қатысты. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі, PhD, аға оқытушы Амирова Г.О. қатысып, сабақтың жоғары әдістемелік деңгейде өткенін, оқытушының заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданғанын және студенттердің белсенділігін атап өтті. Ашық сабақ мазмұнды өтіп, қойылған мақсаттар толық орындалды.
