Пансат Жансая Мүсілханқызы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен «Қазақ тілі сабақтарында жасанды интеллект пен геймификация арқылы оқушы белсенділігін арттыру» тақырыбында практикалық ашық сабақ өткізді.
2026-04-23
Ж.А. Тәшенев университеті АҚ «Педагогикалық және гуманитарлық білім беру» факультеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушысы Пансат Жансая Мүсілханқызы 23.04.2026 ж. сағат 1030 ПИК-23-5к12 тобында 23.04.2026 ж. сағат 1030 ПИК-23-5к12 тобында «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен «Қазақ тілі сабақтарында жасанды интеллект пен геймификация арқылы оқушы белсенділігін арттыру» тақырыбында практикалық ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында жасанды интеллект құралдары мен ойын элементтерін қолданудың тиімді жолдары көрсетіліп, олардың оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттырудағы маңызы талданды. Студенттер цифрлық технологияларды пайдалана отырып, практикалық тапсырмалар орындап, заманауи оқыту әдістерін меңгерді. Сабақта шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды. Ашық сабақ болашақ мұғалімдердің цифрлық және әдістемелік құзыреттіліктерін жетілдіруге ықпал етті.
Практикалық ашық сабақ барысында алға қойылған мақсат-міндеттер толық орындалып, сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сабақтың құрылымы оқу бағдарламасының талаптарына сай құрылып, мақсаты мен күтілетін нәтижелері нақты айқындалды. Ашық сабағына сәйкес презентация ұсынылып, пікірталас әдісі тиімді қолданылды.
Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі, философия докторы (PhD) Амирова Г.О., магистр оқытушы Тамабай Ә. қатысты. Кафедра меңгерушісі Амирова Г.О. Пансат Ж.М. өткізген «Қазақ тілі сабақтарында жасанды интеллект пен геймификация арқылы оқушы белсенділігін арттыру» тақырыбы бойынша өткен ашық сабағына сипаттама берді: Сабақтың мақсаты мен міндеттері нақты айқындалып, оқу материалы тақырып мазмұнына толықтай сәйкес ұйымдастырылды. Оқытушы теориялық білім мен практикалық тапсырмаларды ұтымды байланыстыра отырып, студенттердің жас ерекшеліктері психологиясы саласындағы білімдерін тереңдетуге ықпал етті. Сабақ барысында топтық жұмыс, кейстік тапсырмалар, пікір алмасу және сұрақ-жауап секілді белсенді оқыту әдістері тиімді қолданылып, білім алушылардың оқу үдерісіне қызығушылығы мен белсенді қатысуы артты. Сонымен қатар, оқытушы студенттермен тұрақты кері байланыс орнатып, олардың өз пікірлерін еркін білдіруіне мүмкіндік беретін жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды.
