Жораева Гаухар «Білім берудегі жаһандық келешектер» пәнінен «Білім берудегі инклюзия тең және қолжетімділік» тақырыбында практикалық ашық сабақ өткізді.
2026-05-08
08.05.2026 ж. сағат 1430 ПИК-23-5к4,5 топтарында Жораева Гаухар «Білім берудегі жаһандық келешектер» пәнінен «Білім берудегі инклюзия тең және қолжетімділік» тақырыбында практикалық ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында инклюзивті білім берудің қағидаттары, барлық білім алушыларға тең мүмкіндік жасау және сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету жолдары талқыланды. Студенттер практикалық тапсырмалар арқылы инклюзивті орта құрудың маңызын түсініп, өз пікірлерін ортаға салды. Оқыту үдерісінде белсенді әдіс-тәсілдер қолданылып, білім алушылардың сыни ойлау және талдау дағдылары дамытылды. Ашық сабақ болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, инклюзивті білім беру құндылықтарын меңгеруге ықпал етті.
Сабақтың мақсаты – студенттердің инклюзивті білім беру туралы теориялық білімдерін тереңдету, білім алушылардың тең құқықтарын қамтамасыз ету, білімге қолжетімділік мәселелерін талдау және болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту болды.
Практикалық сабақ барысында инклюзивті білім берудің негізгі қағидаттары, білім беру ұйымдарында барлық білім алушылар үшін қолайлы орта қалыптастырудың жолдары, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау тетіктері және білім беру үдерісіндегі теңдік мәселелері қарастырылды. Студенттер топтық жұмыстар, жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас және кейс-талдау әдістері арқылы инклюзивті білім берудің маңыздылығын жан-жақты талқылады.

