Университетімізде "Жүректен жүрекке!" атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

"Жанашырлыққа жан риза" дегендей, бүгін университетімізде Жастар бөлімі, "Елбасы серіктестері" еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен, "Жүректен жүрекке!" атты қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті.

Қайырымдылық жәрмеңкесі жастарды адами қарым-қатынас сезіміне тәрбиелеу, көмекке зәру жандарға мейірімділік пен жанашырлық таныту, оларды рухани тұрғыда қолдап-қуаттау мақсатында өткізілді. Жәрмеңкеде түрлі тіл үйіретін тәтті-тағамдар мен сусындар ұсынылды. Жәрмеңкеден түскен қаражат көмекке мұқтаж жандарға жұмсалатын болды.

Университетімізде қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті

Қайырымдылық жасау – ұлтымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Ұлтымыздың ұлағатты ісін жаңғырту орайында 25 ақпан күні "Сырдария" университетінде "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 3-курс Қт-16 тобының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Қт-16 тобының студенттері өздері дайындаған түрлі тағамдар мен сусындарды арзан бағада ұсынды. Жәрмеңкеге университеттің студенттерімен қатар, профессор-оқытушылар да келді. Жәрмеңкеден 20 500 теңге табыс түсті.

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Қазақ отбасында маңызды мәселелердің бірі – тәрбие. Ата-ананың міндеті – жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе, қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Осыған орай "Сырдария" университетінде кітапхана бөліміндегі Досыбекова Оразкүлдің ұйымдастыруымен, "Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі" атты танымдық іс-шара болып өтті. Іс-шараны Био-18 тобының студенті Турманова Асем жүргізіп, "Ар-намысты биік ұстайық" атты слайд көрсетуден бастады.

Университет басшылары семинарға барып қайтты

15 ақпан күні №10 "Қайнар" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Менің таңдауым – менің болашағым" тақырыбында семинар болып өтті. Семинарға қонақ ретінде "Сырдария" университетінің профессор-оқытушылары Тұрар Алипбаев, Мұратбек Нұрбек, Ләззат Абенова барып қайтты. "Сырдария" университетін бітіріп шыққан 40 түлек, қазіргі таңда осы мектептің білікті де білімді ұстазы болып отыр. Семир қонақтарды қарсы алудан бастап фойеде көрме көрсетіліп, мектеп тарихымен таныстырылды.

Университет ректоры 1-курс студенттерімен кездесті

14 ақпанда "Сырдария" университетінің "Қазақстан" студенттер сарайында оқу ордамыздың ректоры С.С. Дайырбеков пен барша бірінші курс студенттерінің кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты – оқу орнының табалдырығын кеше ғана аттаған жастардың студенттік өмірге бейімделуіне қолғабыс ету, көкейлеріндегі сауалдарға жауап беру. Студенттерді ЖОО-дағы білім беру үрдісі, мамандықтары бойынша болашақта жұмыспен қамтамасыз етілуі, тәжірибеден өту мүмкіндіктері, сондай-ақ, тұрмыстық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер қызықтырды.

"Ерлікке тағзым" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

11 ақпанда "Сырдария" университетінде "Ерлікке тағзым" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу болып өтті.

Мақсаты – Отан алдындағы жауынгерлік борышын өтеу барысында жат жерде жан тапсырып, құрбан болған боздақтардың есімдерін халық жадында мәңгілік қалдыру және Ауған соғысы ардагерлерін халқымызға, оның ішінде жастарға насихаттап, егемен еліміздің жас ұрпағы алдыңғы ағалар жолының ерлік шежіресімен таныстыру, оларды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеуге үлес қосу болып табылады.

Мұқым елдің мұзбалағы

8 ақпан күні "Сырдария" университетінде дара дарын, халқының қара өлеңін құдыретке айналдырған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған "Мұқым елдің мұзбалағы" атты әдеби-сазды кеш болып өтті.

Жыр кернеуі алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Қысқа ғұмырында М.Мақатаев ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткен ұлы ақын.

"Сырдария" университеті "Бүгінгі әңгіме" бағдарламасында

Елбасы жариялаған 2019 жыл – Жастар жылына сәйкес, "Сырдария" университетінің студент-жастары Оңтүстік аймақтарындағы жастарға Үндеу жариялаған болатын. Осыған орай "ONTUSTIK" телеарнасындағы "Бүгінгі әңгіме" бағдарламасында "Сырдария" университетінің Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Нұрбек Мұратбек пен Жастар бөлімінің басшысы Бектеміс Мейірхан қонақта болды.

Университет ректоры студенттермен кездесті

"Сырдария" университетінде 7 ақпан күні жылдағы үрдіс бойынша студенттер мен ректор арасында кездесу-жиналысы өтті. Мұндай жиналыстың мақсаты – барлық курс студенттерінің топ басшылары, бірінші курс студенттері және бітіруші түлектердің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алу, түйіткілді мәселелердің түйінін табу болатын. Университет ректоры Серік Сансызбайұлы әуелі студенттерді жастар жылымен құттықтаудан бастады: "Баршаңызды 2019 – Жастар жылымен шын жүректен құттықтаймын! Қазіргі таңда жастарға көп жүк артылып жатыр.

Дойбы – ойшылдардың ойыны

2019 жылдың 5 ақпанында студенттер арасында университетішілік "Дойбы" ойыны бойынша сайыс болып өтті. Шараны өткізудегі мақсат – студент-жастардың білім алуымен бірге қоғамдық-мәдени, спорттық шараларға белсене ат салысуына ықпал ету, тапқырлыққа, тез шешім қабылдауға үйрету, логикалық ой өрісін дамыту.