«Қыз- елдің көркі» ашық тәрбие сабақ

Ж.А.Ташенев атындағы университеттің «Дизайн» кафедрасында 2025жылдың 06 наурызы күні тәлімгер- Ж.А.Рахманкулованың жетекшілігімен ПИК-24-1к1 тобының студенттері «Қыз- елдің көркі» атты 8 наурыз мерекесіне арналған ашық тәрбие сабағы өтті.
Ашық тәрбие сағаты барысында қыз баланы ізетті, инабатты, асыл жан етіп тәрбиелеу, сондай-ақ оның ісінің көркі мен ақыл-парасатын арттыруға назар аударылды. Қыз баланы сыйлау және оның айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білуі халқымыздың ұлттық құндылығы болып табылады. Ашық тәрбие сабақта ұстазға, ата-анаға деген құрметтің маңыздылығы айқын көрсетілді. Қойылымдар арқылы қыз баланың ақылдылығы, инабаттылығы, нәзіктігі мен сүйкімділігі сияқты жақсы қасиеттері әзіл-қалжың түрінде де көрсетілді. Сонымен қатар, ана туралы әндер мен өлеңдер оқылып, би билеп, аналарына арналған құттықтау бейнеслайдтары ұсынылды. Тәрбие сабағы өте қызықты әрі әсерлі өтті. Студенттер көрермендер мен ұстаздарына қуанышқа толы мерекелік көңіл-күй сыйлады.
 

Оқиға категориялары