"СӘЛЕМДЕСУ - СЫПАЙЛЫҚ ПЕН ІЗГІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ"

«Спорт және өнер» факультетінің 1 курс студенттері арасында «Сәлемдесу - сыпайлық пен ізгіліктің белгісі» тақырыбында пікірталас болып өтті. Мақсатымыз студенттердің адамгершілік тәрбиесінен білік – дағдыларын қалыптастыра отырып, адамгершілік тәрбиеге тоқталу арқылы оның ішінде алғашқы сәлемдесу әдебінің маңызын аша отырып, адамшылық қасиеттерді қалыптастыру.

6В01403- Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В02101- Дизайн, 6В01402 - Музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының студенттері өз ойларын ортаға салды. Әдеп, мәдениет – амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні – ең алдымен адамның кейіп - кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауғанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын ұқтыру, өздерінің аман - есен дидарласып тұрғанына қуанып, ниетінің ақ – адал, таза екенін білдіру.
Мысалы, сырттан үйге кірген кісі қандай жастағы адам болса да, отырғандарға сәлем беруі керек. Қауышып, амандасу ер азаматтар үшін ұлттық амандасудың ең құрметті түріне жатады. Жастар қол алысып, арқа, иық қағысып та амандасады.

«Сөздің саласын табу қиын емес, анасын табу қиын» деген екен жыр алыбы Жамбыл атамыз. Олай болса, сөз анасы да осы – сәлемдесу болса керек. Сәлемдеріңіз түзу болсын!
 

Оқиға категориялары