SU Debate

Syrdariya University Students’ Union ұйымдастыруымен студенттік пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа 4 команда қатысты. Білім алушылар “Бұл үй, технологиялық прогресс біздің өмірімізді нашарлатты деп есептейді” тақырыбында пікір таластырды. 
Дебат 3 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде командалар жеке көзқарастарын таныстырды. Екінші кезеңде қатысушылар қарсы тарапқа сұрақ қойып пікір таластырды. Үшінші кезеңде екі тарапта сындарға жауап беріп, өз аргументтерін нығайтты. 
Ойын барысында, 2 команда іріктелді. Бірінші команда тарапы қарарға сәйкес технологиялық прогресстің кемшіліктерін келтіріп, технологиялық прогресс арқылы адамзат өркениетіне үлкен оң өзгеріс әкелгенін айтып өз позициясын құрды. Қарсы тарап қатаң сынға алып, бірқатар зиянды жақтарына факт келтіріп, пікір таластырды. Пікірсайыс соңында қатысушылармен көрермендердің дауыс беруі нәтижесінде Бірінші команда тарапы жеңіске жетті. 
Пікірсайыс - білім алушыларға кез келген тақырыпта ой алмасуға, өз позициялары мен дағдыларын дамытуға көмектеседі.
 

Теги: