Аралбаев Табиғат Маратұлы

Білікті білім ордасы - білікті мамандар дайындайтын орын «Сырдария» университеті

Аралбаев Табиғат Маратұлы Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласында орналасқан «№7 «Тұран» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары және биология пәні мұғалімі.

Мен Аралбаев Табиғат Маратұлы 1994 жылы дүниеге келгенмін. 2000 жылы алғаш мектеп табалдырығын №4 Абай атындағы жалпы орта мектепке тірек сол мектепті 2011 жылы үздік аттестатпен бітіріп шықтым. Сол жылы «Сырдария» университетінің «Химия және биология» факультетітің Биология мамандығы бойынша оқуға түстім.

Оқу жылдары кезінде көптеген іс-шараларға қатысып жетістіктерге жетіп жүрдім. Ректор степендиясына 1 курстың өзінде иегер болдым. Жалын дебат клубының мұшесі болып аудан облыс шеңберіндегі барлық жарыстарға қатысып жүлделі болып жүрдім. Республикалық Пәндік олимпиадада Алматы қаласы Қазақ Ұлттық Университетінде бағымды сынап ІІІ орын иелендім.

Университет маған көптеген мүмкіндіктер мен жаңашыл бағыттарға жол ашты десем асте қателеспеймін. Биология кафедрасы заманауаи техникамен жабдықталған практиканың өзі дадалы аймақта өтуінде мүмкіншіліктері көп Қазақ Мақта институмен тікелей байланыстығы сонда барып тәжірибелер өткізгеніміз жоғары сапалы практикалық жұмыстарды үйлестіруімізге көп мүмкіндік берді.

Оқуды 2015 жылы үздік дипломмен аяқтап сол жылы Жетісай қаласындағы №7 Тұран мектеп-гимназиясына биология пәні мұғалімі ретінде қабылдандым.

Содан бері үлкен жетістіктерге жетуімде білім алған университетімнің орны ерекше деп әріптестереме мақтан тұтып жүремін.

Жетістіктерім

  • «Аудандық жылдың ең үздік жас мұғалімі» сайысының жеңімпазы
  • «Облыстық жылдың ең үздік жас мұғалімі» сайысының жеңімпазы
  • «Республикалық 100 жаңа есім» жобасының қатысушысы
  • «Аудандық педагогикалқ идеялар» фестивалінде І орын иегеріэ
  • «Аудандық директордың орынбасарлары сайысында» ІІІ орын иегері
  • «Аудандық дебат» турнирлерінің оқушылары арасында абсолютті чемпионы
  • «Облыстық дебат» сайысында оқушыларым ІІІ орын иегері
  • «Республикалық ғылыми жобалар» сайыснда ІІІ орын иегері
  • «Аудандық мұғалімдер» олимпиадасында ІІ орын иегері

Мен өзім оқыған Университетімді әрқашан мақтан тұтамын әрі мақтан етемін.

«Сырдария» универсиетінің «Биология» мамандығының түлегі Аралбаев Табиғат Маратұлы

Бітіру жылы