«Өнер және көркем еңбек» кафедрасының магистр, аға оқытушы М.Шналиевтің ашық сабағы
2026-02-20
«Өнер және көркем еңбек» кафедрасының магистр, аға оқытушы М.Шналиевтің ашық сабағы
Тақырыбы: «Гипстен жасалған бастың суретін салу»
"Өнер және көркем еңбек" кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы оқу процесінде оқытудың инновациялық әдістерді, атап айтқанда интерактивті әдістерді кеңінен қолданады. Мысалы миға шабуыл (брейнсторм), іскерлік және рөлдік ойындар, (нақты жағдайларды талдау, ситуациялық талдау), интерактивті дәріс, көрнекі құралдармен, бейне - аудиоматериалдармен жұмыс, түрлі белсенді формалар білім алушылардың білім сапасының деңгейін арттыруға бағытталған сабақтар. Осы кафедраның магистр, аға оқытушысы М. Шналиев 6В01407-Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері білім беру бағдарламасының ПиК-25-2к3 тобында "Сурет" пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Тірек білімді бекіту осы тақырып бойынша кейстік тапсырмаларды орындау түрінде жүргізілді (нақты жағдайлар әдісімен). Топ екі командаға бөлінді, олардың әрқайсысына тапсырма берілді.
Кейстік тапсырмаларды шешу бойынша жұмыс барысында оқытушы студенттердің назарын тақырыптың негізгі ұғымдары мен ережелеріне бағыттап, оларды белсенді оқу қызметіне тартты. Студенттердің топтарда өзіндік жұмысы кезінде әрбір білім алушы өз идеялары мен ойларын білдіреді. Бұл шығармашылық тәсілді және қойылған міндеттердің стандартты емес шешімдерін қамтамасыз етеді. Осылайша, білім алушылардың ойлауы конструкторлық және шығармашылық бағытта дамиды, жаңа қабілеттерді ашады. Кейс тапсырмаларын оқыту элементтерін пайдалану студенттердің ойлау процесін жандандырып қана қоймай, логикалық ойлауға, пәнге танымдық қызығушылықты дамытуға, практикалық тапсырманың қойылған шарттарын талдау, синтездеу, мәселені шешу дағдыларын дамытуға ықпал етті.

