Тілдік білім берудің цифрлық көкжиектері: Әлем тілдері кафедрасы оқытушыларының Барселона университетіне сапары
background

Тілдік білім берудің цифрлық көкжиектері: Әлем тілдері кафедрасы оқытушыларының Барселона университетіне сапары

2025-12-19

Медиатека / Жаңалықтар / Тілдік білім берудің цифрлық көкжиектері: Әлем тілдері кафедрасы оқытушыларының Барселона университетіне сапары

Тілдік білім берудің цифрлық көкжиектері: Әлем тілдері кафедрасы оқытушыларының Барселона университетіне сапары

2025 жылғы 14-20 желтоқсан аралығында Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің Әлем тілдері кафедрасының оқытушылары - Артықбаева Ф. И., Тұрсынова Г. И., Мирзахмедова Ж. Ж. - «Жасанды интеллект негізінде шетел тілдерін оқытуда цифрлық технологиялар мен геймификацияны интеграциялау» (AP26197519) тақырыбындағы ғылыми гранттық жобаны іске асыру аясында Барселона университетіне іссапармен барды. Аталған жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті тарапынан 2025–2027 жылдарға қаржыландырылған.

Барселона университетіндегі шетелдік ғылыми тағылымдаманың негізгі мақсаттары — International Conference on Linguistics and Education (ICLE-25) халықаралық ғылыми конференциясына қатысу, сондай-ақ Барселона қаласындағы әріптестермен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болды. Тағылымдама барысында шетел тілдерін оқытуда жасанды интеллектті қолданудың заманауи шетелдік тәсілдері зерттеліп, талданды. Алынған нәтижелер жобаны іске асыру барысында жасанды интеллектке негізделген еуропалық үздік тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді.