ИДЕЯДАН ЖОБАҒА ДЕЙІН: ОҚЫТУШЫЛАРДЫ ЗЕРТТЕУГЕ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ РЕСУРСТАР
2025-10-22
Медиатека / Жаңалықтар / ИДЕЯДАН ЖОБАҒА ДЕЙІН: ОҚЫТУШЫЛАРДЫ ЗЕРТТЕУГЕ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ РЕСУРСТАР
Орыс және өзбек тілдері» кафедрасының жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 22 қазанда «ППҚ зерттеу белсенділігін арттыру: мотивация, ресурстар, қолдау құралдары» тақырыбында оқыту семинарын өткізілді. Семинар профессор-оқытушылар құрамын 2026–2027 оқу жылына арналған қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға, ғылыми қызметті қолдау ресурстары мен құралдарын талқылауға, сондай-ақ белсенді зерттеу жұмысына мотивацияны арттыру әдістерімен таныстыруға бағытталды.
Арнайы назар шетелдік ғалымдардың тәжірибесімен алмасуға аударылды. Олар ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жарияланымдық белсенділікті арттыру және халықаралық әдістемелерді педагогикалық және ғылыми қызметке енгізу бойынша практикалық ұсыныстарымен бөлісті.

