25 желтоқсан – Қазақстандағы Психологтар күніне
2025-11-10
25 желтоқсан – Қазақстандағы Психологтар күніне орай «Педагогика және психология» кафедрасында аға оқытушы, магистр Г.Т.Малгайдарова мен З.А.Махаметованың ұйымдастыруымен ПИК-24 7к(IP)1,2,3 топ студенттерінің қатысуымен «Мамандығым-мақтанышым» атты ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың психология мамандығына деген танымын кеңейту, психологиялық қызметтің қоғамдағы рөлін түсіндіру, тұлғалық дамуға, өзін-өзі тануға және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағатына арнайы шақырылған қонақтар Айтжанова Гульнара Турмахановна - ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, Халықаралық психология ғылымдары академиясының құрметті мүшесі, психолог, арт-терапевт, психология педагогика әлеуметтану саласындағы әкімшілендіру докторы. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті «Психологиялық қолдау» орталығының басшысы, сонымен қатар Асанова Салтанат Сайлауқызы - Phd doctor Philosophy, доцент, тәжірибелі психолог, Еуропалық гештальт терапия қауымдастығының (EAGT) аккредитациялық талаптарына сәйкес сертификатталған Гештальт терапевт, Мәскеу Гештальт және Психодрама Институтының (MИГИП) асистент тренері, "INSAN" практикалық психологиялық орталығының директоры және кафедра профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Қонақтар психологиялық қызметтің қазіргі қоғамдағы маңызы, маманның кәсіби этикасы, жастармен жұмыстың өзекті бағыттары туралы құнды пікірлерімен бөлісті.
Тәрбие сағаты барысында болашақ психологтарға психолог мамандығының маңызы, оның кәсіби міндеттері, адам психикасын қолдаудағы жауапкершілігі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттер мен оқытушылар арасында релаксациялық жаттығулар, танымдық ойындар, «Психолог кеңесі» айдары, стресс деңгейін анықтауға арналған шағын тесттер өткізілді.
Іс-шараға қатысқан білім алушылар психология саласына қарқынды қызығушылық танытып, мамандыққа деген оң көзқарасын қалыптастырды. Ашық тәрбие сағаты өзара жылы атмосферада өтіп, қатысушылардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға бағытталған практикалық жаттығулармен толықты.
Іс-шара соңында студенттер белсенділік танытқан қатысушыларға Университет ректоры Қ.Байболовтың және факультет деканы М.Мейірбековтың атынан Алғыс хат табысталды.





