«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасынның 1 курс білім алушыларына оқу танысу практикасы өткізілді.
2026-04-01
1. 6В01302-Бастауыш білім беру беру (IP), 6В01202-Мектепке дейінгі білім беру (IP) білім беру бағдарламаларының 1-курс білім алушылары оқу-танысу практикасын сәйкес «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасында өткізді.
Практиканың мақсаты – білім алушыларды болашақ кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру, білім беру ұйымдарының құрылымымен және оқу-тәрбие үдерісімен жақыннан танысуға мүмкіндік беру, сондай-ақ педагог мамандығына деген қызығушылықты арттыру болды.
Практика барысында студенттер білім беру мекемелерінің жұмыс жүйесімен танысып, педагогтардың сабақ өткізу әдістемелерін бақылап, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін зерделеді. Сонымен қатар, білім алушыларға кәсіби бағдар беру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқу-танысу практикасы студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, педагогикалық мамандыққа деген кәсіби көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.
