Мирзакулова Айгерим Төребекқызы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен «Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдірудегі шешендік өнердің маңызы атты тақырыпта практикалық ашық сабақ өтті.
2026-05-05
Ж.А.Тәшенев университеті АҚ институты «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Мирзакулова Айгерим Төребекқызы 05.05.2026 ж. сағат 9030 ПИК-23-5к1,2 топтарында «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен «Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдірудегі шешендік өнердің маңызы атты тақырыпта практикалық ашық сабақ өтті. Шешендік және сөз мәдениеті. Жұрт алдында сөйлеуде машықтанудың жолдары жөнінде керемет студенттерден өлең оқылып пікірлер білдірілді. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: шешендік өнердің мәні мен маңызын түсіндіру, сөз мәдениеті туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту, өз ойын жүйелі, анық және әсерлі жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ана тілін құрметтеуге, сөзді орынды қолдануға, көпшілік алдында еркін сөйлеуге тәрбиелеу. Сабақ барысында Шешендік өнер – тыңдаушыны сөз арқылы иландырып, әсер ете білу өнері. Қазақ халқы шешендік өнерді ерекше бағалаған. Би-шешендер ел бірлігі мен татулығын сақтауда сөз құдіретін шебер пайдаланғаны туралы бейне дәрістер көрсетілді.
Сабақтың мақсаты –Сөз мәдениеті – әдеби тіл нормаларын сақтап, сөзді орынды әрі әсерлі қолдану шеберлігі.
Сөз мәдениетінің негізгі талаптары:
· Дұрыс сөйлеу;
· Таза сөйлеу;
· Нақты сөйлеу;
· Мәнерлі сөйлеу;
· Әдепті сөйлеу.
Студенттердің жұрт алдында сөйлеуде машықтанудың жолдары, көпшілік алдында жиі сөйлеу тәжірибесін жинақтау және білім беру үдерісіндегі теңдік мәселелері қарастырылды. Студенттер топтық жұмыстар, жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас және кейс-талдау әдістері арқылы маңыздылығын жан-жақты талқылады. Шешендік өнер – адамды табысқа жеткізетін маңызды қабілеттердің бірі. Сөз мәдениеті жоғары адам өз ойын анық, дәл және әсерлі жеткізе алады. Сондықтан әр оқушы шешен сөйлеуге, сөз мәдениетін сақтауға ұмтылуы қажет деп қорытынды пікір білдірілді.
