Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушының танымдық дүниесін қалыптастыру
2026-05-28
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Д.М. Төлегенова 2026 жылғы 18 наурыз күні 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған «Жаңартылған білім мазмұны негізінде оқытудың әдіс-тәсілдері» пәні бойынша «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушының танымдық дүниесін қалыптастыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Лекция түрінде ұйымдастырылған сабақ 208 аудиторияда, сағат 12:30-да өтті.
Сабақ барысында жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі ерекшеліктері мен оны оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдары қарастырылды. Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер түсіндіріліп, олардың оқу материалын меңгеру белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін педагогикалық технологиялар талданды. Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқу мақсаттарына толық қол жеткізілді.

