Ташенев университеті шетелдіктермен байланысты нығайтты

Университетімізде «Толеранттық педагогикалық құзіреттіліктің құрамдас бөлігі ретінде» тақырыбында ғылыми конференция өтті.
Конференцияға Анкара қаласындағы Гази университетінің проректоры, профессор, PhD докторы, Южель Гелишли, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Нұргүл Тоқсанбаева бастаған осынау оқу орнының бірқатар оқытушы-профессорлары және еліміздің өзге де жоғары оқу орындарының ғалымдары жиналды. 

«ҚР ҮЗДІК СТУДЕНТІ - 2022» байқаудың жеңімпазы

Жуырда «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен «ҚР ҮЗДІК СТУДЕНТІ - 2022» байқауы болып өтті. 
Аталған байқауда университетіміздің “Технология және дизайн” факультетіне қарасты “Химия және биология” кафедрасының 4 курс студенті Жанар Абдурасил бағын сынап, өз жұмыстарын ұсынып, 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жанардың осындай жетістікке жетіп, жүлделі оралуына жетекшісі Изет Жасұзақовтың да үлесі зор. 
Марапат иелерін құттықтаймыз!
 

Біздің электронды кітапхана үздіктердің қатарында

Tashenev University электронды кітапханасы Қазақстан жоғары оқу орындарының ішінде үштікке енген ең танымал кітапханалардың бірі болып тұр. Университеттің барлық 9500 электронды ресурстары еліміздегі ЖОО-ы қауымдастығының қорына енгізілген. Өткен жылдың қорытындысымен біздің университет электронды кітаптарды жүктеп алу саны бойынша үшінші, ал ресурстардың жалпы саны бойынша төртінші орында тұр. 

Жүлдегерлер –біздің мақтанышымыз!

Университетіміздің «Педагогика және филология» факультетінің студенттері «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты қалалық байқауға қатысып қайтты. Мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос жастары арасындағы байқау Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында өтті.

Сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттар

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығы Ж.Тәшенов атындағы университетпен бірлескен меморандум негізінде ағымдағы жылдың 22.11.2022 «Сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттар»
тақырыбында әдістемелік сағат ұйымдастырылды.
Әдістемелік сағаттың мақсаты: сабақты жоспарлауда басшылыққа алынатын қағидаттармен таныстыру, кәсіби бағдар беру.
Ж.Тәшенов атындағы университет базасында өткен іс-шараға Әдістемелік орталықтың әдіскерлері, ЖОО ғалымдары мен оқытушылары қатысты.

«Анкара – Шымкент: Достастық диалогы»

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет пен Анкара университетінің (Түркия) профессорлық-оқытушылық құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында профессор Севил Караманның студенттермен және магистранттар – филологтармен кездесуі өтті. Талқылаудың негізгі тақырыптары өзгермелі әлем мәселелері, еңбек нарығындағы қарқынды өзгерістер және жаңа мамандықтарға сұраныс болды. Севил Алиева өмірде, оқуда және жұмыста жаңа дағдыларды меңгеру қажеттігін, сондай-ақ сапалы білім беру бағдарламаларына деген сұранысты атап өтті.

САУСАҚ БІРІКПЕЙ ИНЕ ІЛІКПЕЙДІ

Көпшіліктің қалауы болды. Кешегі өткен сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев 82,45 пайызбен жеңіске жетті. Жат күштер, ел ішін ала тайдай бүлдіретіндер халықтың тұтастығына сына қаққысы келіп, әр қиырға салғанымен олар дегеніне жете алмады.

Студенттер салық пәні бойынша практикалық білім алды

Ташенев атындағы университеттің «Экономика және құқық» кафедрасында «Қазақстан Республикасының салық құқығы» пәні бойынша Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Н.Құмарбековпен кездесу өтті. Кездесуді аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі А.Елибаева ұйымдастырды. Жиын спикері студенттерге мемлекеттік органның халықтың құқықтық мәдениетін арттырудағы тәжірибесі, салық төлеушілерге арналған түрлі науқандар туралы хабардар етіп, экономикалық қызметке қатысушыларға қолданылатын арнаулы салық режимдері туралы жан-жақты айтып берді.

Студенттеріміз жүлделі оралды

Университетіміздің студенттері Алматы қаласындағы мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен өткен «Туған тілім - тірлігімнің айғағы» тақырыбындағы эссе байқауында жүлделі орындарды алып келді. 
«Филология» кафедрасы «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының студенттері өз эсселерінде туған тілімізге деген құрметті және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында жастарға басымдық берілгенін, Жаңа Қазақстандағы жарқын болашақ туралы атап өтті. 

Оқиға категориялары