«Сыбайлас жемқорлықпен күрес - қоғам талабы» бойынша кездесу өтті

        2023 жылдың 27 желтоқсан күні Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінде «Экономика және құқық» кафедрасының пән оқытушылар құрамымен және 6В04201- Құқықтану БББ білім алушыларының қатысуымен Шымкент қаласы  Қылмыстық-атқару жүйесі  Департаментінің аға жедел уәкілі әділет майоры Н.С. Амирбековпен кездесу өтті. Кездесу барысында Н.С. Амирбеков сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зиянына, сыбайластықпен күресу жолындағы атқарылып жатқан жұмыстарға, қоғамдағы жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шаралардың маңыздылығына тоқталып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, оған жол бермеуге, барынша оның алдын алуға шақырды.
Іс-шарада қатысушылар өз ойларын ортаға салып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.