«Ел үміті» медалінің иегерлері

"Ел үміті" медалі - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз жоба болып табылады. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Жобаға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Бағдарлама аясында 20 мыңнан астам қатысушы қатысты, оның ішінде "Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет" ЖШС, «Филология» факультетінің тәрбие жөніндегі аға оқытушысы Ш. Серикбаеваның жетекшілігімен «Шетел тілдері» кафедрасынан 9 білім алушылар, «Тілдер және әдебиет» кафедрасынан 1 білім алушы қатысып, "Ел үміті" медалі иегері атанды: қола деңгейіндегі медальдармен – 7, күміс – 3 марапатталды. Университет ректоры техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.С. Байболов және университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент П.Т.Байнеева марапатқа ие болған студенттерімізді шын жүректен құттықтап, білім жолына табыс тіледі!