Бетпе-бет халықаралық ғылыми байланыстардың тиімділігі
- 1 view
2023 жыл халықаралық ғылыми-әдістемелік, мәдени-танымдық конференцияларға, өнер фестивальдарына толы болса, биылғы жаңа 2024 жылдың басында игі қадамдар жалғасын тауып, бірлескен жоспарларды жүзеге асыруда ынтымақтастық қарым-қатынастар өз жемісін беруде. Өйткені ғылымды дамыту мен білім беру мәселелері әрқашанда бірдей ойлайтын мәселе болғандықтан, оны шешуде, сапалы білімге қол жеткізуде тәжірибе алмасудың маңызы зор екені даусыз.
2024 жылдың 5 қаңтарында Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің Ана тілі және әдебиеті пәні факультетінің жанындағы Кеңесі кезекті халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Осы семинарға Ж.Тәшенев атындағы университеттен педагогикалық ғылымдары бойынша философия (PhD) докторы Ш.Наралиева да «Ана тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың жазылым дағдысын дамытудағы эссенің рөлі» тақырыбындағы шебер-сабағымен қатысты. Тақырыптың өзектілігін әріптес профессорлар-оқытушылардың қойған сұрақтары айқын дәлелдейді. Семинар-тренинг түрінде бөлісілген ақпарат профессор-оқытушылармен өзара әңгімелесу, пікір алмасу, қысқаша эссе жазу арқылы қызықты болды.
Сондай-ақ халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарда Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Турсуной Юсупова «Ана тілін оқытудағы заманауи тәсілдер» тақырыбындағы дәрісімен бөлісіп, семинар қызу талқылаулармен мазмұнды да жемісті аяқталды.
Барлық ұйымдастрыушыларға алғысымызды білдіре отыра, жемісті ынтымақтастық жалғаса берсін, дейміз!
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет