ЖАҚСЫ МАМАНДЫҚ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ

Кәсіби бағдар беру жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шығармашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.

Бітірушілердің іс-тәжірибедегі әсерімен бөлісу

«Сырдария» университеті «Отан және шетел тарихы» кафедрасының 2021 жылғы болашақ түлектерінің педагогикалық практика есебіне талдау жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысы, студенттердің педагогикалық іс-тәжірибедегі өздеріне қиын да қызықты болған оқиғаларын баяндаумен жандана түсті. Сонымен қоса, түлектеріміздің оқытудың жаңа форматына өткізілуіне қарамастан ұлағатты ұстаздарынан алған білім мен тәжірибесін оң қырынан көрсетіп, түрлі мадақтамаларды иеленгені көз қуантты.

Жас маман-2021. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

13 сәуір 2021 жыл

Уақыты

Сөз сөйлейтіндер

11:00-11:30

Сенбілік күні

Облыстың аудан, қала аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнінде 2021 жылдың наурыз-қазан айлары аралығында өткізілетін облыстық, аудандық сенбіліктердің жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 10 сәуірі сенбілік күні болып жарияланды. Сенбіліктің мақсаты: қаланың шырайын әрлендіре түсіп, қаламызды үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру, сонымен қатар жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу. Қалыптасқан дәстүр бойынша «Сырдария» университетінің ұжымыда сенбілікке белсенді түрде қатысты.

Экскурсиялық саяхат

«Сырдария» универсиеті, «Филология және гуманитарлық білім» факультеті, «Отан және шетел тарихы» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері Түркістан облысының мақта шаруашылығы тарихы музейіне барып, тағылымы мол тарихи мәліметтермен танымдық түйсіктерін толықтырып қайтты.

Тәлімгерлік сағат

2021 жылы 25 ақпан күні «Сырдария» университетінде «Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, оған жол бермеу, сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттердің алдын алу мақсатында студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізу» тақырыбында Инф-10жғ тобына тәлімгерлік сағат өтілді.
Мақсаты - білім алушылардың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жастардың рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Білім алушылардың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жастардың рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында тәлімгерлік сағат өтілді.

Университет кітапханасы жаңа оқулықтарымен толықтырылды

"Сырдария" университеті, Кітапхана қоры орыс әдебиеті, тарих, информатика, қазақ тілі пәндерінен жаңадан келген кітаптармен толықты.


https://youtu.be/OQRUA-XhycM
 

БІЛІМДІ ШӘКІРТ – ҰСТАЗ АБЫРОЙЫ

Әрине, шәкіртінің озық болғаны, білімділік, біліктілік дәрежесін көрсеткені ұстаздарының қажырлы еңбегінің жемісі деуімізге болады. Осы орайда, «Сырдария» университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттері 2021 жылдың 25 қаңтар мен 4 сәуір күндері аралығында Жетісай, Шардара, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарының мектептерінде 10 апталық кәсіби педагогикалық, өндірістік іс-тәжірибедан өтіп қайтты.

VІІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Білім мен ғылымды дамытудағы жастардың рөлі» атты студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі VІІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылу салтанаты өтті. 

Оқиға категориялары