Қазақтың кестелеу өнері!
- 1 view
Кесте және көркемдеп тігу ою - өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Қазақтың ұлттық кестелеу өнері тарихының түп тамыры ғасырлар қойнауында жатыр. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық кесте өнеріміз күні бүгінге дейін өзінің құндылықтарын сақтап, қасиетін жоғалтпай жақсы сақталған. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш - ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.
Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою - өрнек бойынша қарамақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді.
Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.
Әредік кестеде материалдың әр жері әшекейленіп, бөлек - бөлек өрнек салынады.
Шым кесте, тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш - бұрышы, перделердің шеттері сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырады.
«Сырдария» университеті, «Дизайн және өнер» факультетінің, «Гобелен» үйірмесінде кестелеу сабағы да өтіледі. Және факультет студенттері қатысады. Кесте жіптері және композициялық тың идеялары арқылы студенттер өз шығармасын өз кестелері арқылы жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Көздің жауын алатындай, студенттер қолынан шыққан осынау ғажайып туындылар бүгінгі халқымыздың мақтанышы болса, ертеңгі болашақ үшін баға жетпес мұра екені анық!
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет