Тәрбие сағаты: «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»
- 1 view
Бүгін, қараша айының 12-жұлдызы күні «Филология және гуманитарлық білім» факультеті, «Ағылшын тілі» кафедрасының 6В01703-«Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша Шт-29 тобының 3-курс студенттері «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі - сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.
Тәрбие сағат барысында топ студенттері баяндама оқып, жемқорлыққа қатысты видеороликтер көрсетіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өз ойларын, ұсыныстарын білдірді және ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Бұл тақырып арқылы студенттер сыбайлас жемқорлық туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, одан сақтану жолдарын, алдына алу мәселелерін қарастыруға мүмкіндік болды. Пайдаланылған материал арқылы студенттердің ой-өрістерін дамытып, одан әрі өмірде өзіндік орнын білуге, еліміздің патриоты болуға, әрі адал ұрпақ даярлауға септігін тигізеді деп ойлаймын.
Топ жетекшісі: Намен Улбала Базарбайкызы.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет