Университетімізде қонақта!
Мемлекет басшысы оқу жылының алғашқы күні халыққа арнаған Жолдауында еліміздің болашағы жастарға, білім саласына ерекше көңіл бөлді. Маңызды мәселенің бірі – білім беру жүйесі туралы, бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады,-дей келіп, мемлекет тұрғысынан жас буынға көрсетілер қолдауларды саралады. Университетімізде қонақта болған «Аманат» партиясының Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов студенттермен кездесіп, Жолдаудағы жастар мәселесіне қатысты жәйттерге тоқталды.
ЭССЕ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!
Қазақстан Республикасы күніне орай, «МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» тақырыбында ЭССЕ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ!
«Ұстаздар күні»
Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен сіздерді құттықтаймыз. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз!
Жұмабек Ташенев университеті барша ұстаздарды мерекемен құттықтайды!
«ЖАСҒАЛЫМ» ЖОБАСЫ
«ЖАСҒАЛЫМ» ЖОБАСЫ бойынша жас ғалымдардың зерттеулеріне гранттық қаржыландыру
"Жаңару мен жаңғыру жолы"
"Жаңару мен жаңғыру жолы" күніне орай "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің ұйымдастыруымен бүгін футболдан кіші турнир өтті.
“Жаңару мен жаңғыру жолы" турнирінің жабылу салтанаты жеңімпаз командаларды, үздік және белсенді студенттерді марапаттаумен аяқталды.
Жабылу салтанатына университетіміздің ректоры Байболов Қанат Сейітжанұлы қатысып, студенттерді марапаттады. Құттықтау барысында келешекте барлық факультеттер арасында спорттық жарыстар ұйымдастыру жоспарда екенін мәлімдеді.
"Жаңа Қазақстан" семинар-тренингі
24-25 қыркүйек "Жаңа Қазақстан" семинар-тренингі тау бөктерінде өтті. Тамаша демалыстың суреттерін жақын арада жариялайтын боламыз.
Семинар-тренингте университетіміздің ректоры Байболов Қанат Сейітжанұлы және бірінші проректор Байнеева Фарида Тұрғынбайқызы студенттермен еркін форматта кездесті.
Алғашқы күннің кеші қызықты кино көрумен аяқталды. Күнді қорытындыласақ: эстафета ойындары, қонақтармен кездесу, ректормен жолығу кеші. Табиғат аясында кино кеші.
УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ”ӘЛШЕКЕЙ КҮЙШІ“ ӨНЕРІ ДӘРІПТЕЛДІ
Әлшекей Бектібайұлының 175 жыл толуына орай Жұмабек Ташенев университетінде ”Әлшекей күйші” атты кітап пен күйлерінің аудионұсқасының таныстырылымы өтті. Әлшекей күйлерін орындаушы, “Шабыт” жастар шығармашыл конкурсының жүлдегері, Республикалық Дина Нүрпейісова атындағы күйшілер сайысының жүлдегері Аякөз Нұрсұлтан Әлшекей күйлерін орындап, студенттерге рухани азық сыйлады. Кездесу кеші Жұмабек Ташенов университетінің ұйымдастыруымен және ”Құрбан ата” қорының қолдауымен өтті.
Халықаралық байқаудың жеңімпазы
6В01403-Көркем еңбек және сызу білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Әуез Хадиша Алматы қаласында өткен "Primus Devolopment Center" ұйымы ұйымдастыруымен өткен "Менің Отаным Қазақстан " атты халықаралық шығармашылық байқауда 1 орын жеңімпазы атанды жетекшісі Сапарбаева Ұ.Ә Құттықтаймыз!
Ұлт ұстазы-Ахмет
Ұлтымыздың ұлы ұстазы, әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына биыл 150жыл. Осыған орай оқу орнымыздың қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері "Ұлт ұстазы-Ахмет"тақырыбындағы іс-шараны ұйымдастырды. Мерекелік шарада Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, тауқыметке толы тағдыры, қазақ ұлты үшін жан күйдірген таза ниеті туралы баяндалды.
Студенттік қатарға қабылдау
TASHENEV UNIVERSITY- де 1 курс студенттеріне арналған «Студенттік қатарға қабылдау» мерекесі өтті.
Университетімізге тағы да жаңа леп қосылды.
Университетімізде 1-курс жастарын студенттік қатарға қабылдау салтанаты болып өтті.
Бүгіннен бастап «студенттік кезең» сіздер үшін басталды.
Мерекелік концертте студенттерге «Білім кілті», "Студенттік билет" салтанатты түрде табысталды.