СТУДЕНТТІК - АЛТЫН ДӘУІРІМ!

Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол студенттік кездер талай әдемі де әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырары қақ. Сәні мен салтанаты мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген өзіндік мейрамдары да бар. Ол – 17 қараша Халықаралық студенттер күні! Осы аталмыш мерекемен факультетіміздің барлық студенттерін шын жүректен құттықтаймыз.

Осы мереке қарсаңында 6В01403- Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау және 6В02101- Дизайн білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерін дәстүрлі өтетін «Fashion style» атты шығармашылық кешінде коллекциялар шығарған он саусағынан бал тамған шебер қыздарымызға дипломдар табысталды.

Студенттік өмір - адамның жастық қуаты тасып, шаршау мен уайымды білмей, ізденумен, үйренумен, танысумен, табысумен өтетін ерекше шағы. Сіздерге табысты білім алып, үнемі ізденіс үстінде болуларыңызға, жоғары бағаларға ие болып, студенттік кезеңді мағыналы да, қызықты өткізулеріңізге тілектеспін.