Сыры терең сұлулықтың сиқыры

Sirdariya University «Дизайн және өнер» факультетінің «Өнер» кафедрасы
2021 жылдың 2 сәуір күні «Сыры терең сұлулықтың сиқыры» атты әсемдік апталығына арналған кеш өткізді.
Әсемдік әлемі – адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып, тәнті ететін, таңырқататын, сүйсіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, пішін немесе ой- қиялдың жемісі. 
Әдемі болып көріну – өнер. Өнерге баулу арқылы ғана адам оны өз бойына дарыта алады. Олай болса, әркімнің әдемі болуына толық мүмкіндігі бар! «Студент! Өзіңді әдемі ету - өз қолыңда!» қағидасын ұстанған әсемдік апталығы төмендегі шарттарды ұсынды:
- әдемі шаш үлгісі
- классикалық үлгідегі жарасымды киім
- көтеріңкі көңіл-күй
- сабақтағы белсенділік
- қарым-қатынас әдебі
Апта бойына осы шарттарды сақтаған студенттерге «Әдемі қыз», «Сымбатты жігіт» бас жүлдесі берілді. Бірінші, екінші, үшінші дәрежедегі жүлделер арнайы номинациялар бойынша белгіленді. Жүлделі орындар комиссия мүшелерінің шешімімен тағайындалды. 1 курс студенттері бұл кештен ерекше әсер алып қана қоймай, студенттік өмірдің қызықты кезеңіне куә болды.