«Томирис» қыздар клубы ашылды

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  жолдауында 2024  жылды «Зорлық-зомбылыққа қарсы жыл» деп жариялады. Жолдаудың аясында, университетміздің 25 жылдығына орай,  21.12.2023 жылы "Педагогика және бастауышты оқытудың әдістемесі" кафедрасының п.ғ.д., професор Досбенбетова А.Ш. бастауымен «Томирис» қыздар клубының ашылу салтанаты өткізілді.

Клубтың тұсауын кесуді, Шымкент қаласы Іскер әйелдер Қауымдастығының төрайымы Ағабекқызы Эльенора мен университетіміздің ғылым ісі жөніндегі проректоры, п.ғ.к., профессор Ш.Ж. Арзымбетоваға ұсынылды. Ашылу салтанатының қонақтары:
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі: п.ғ.к., доцент Орынбетова Эльмира Асилтаевна, Педагогика жане психология кафедрасынын аға оқытушысы Султанбекова А.А., М.Ауезов атындағы ОКУ п.ғ.к., доцент, Махмутова Г.М. 

Клубымыздың жетекшісі: магистр, аға оқытушы Архабаева А.Қ., модераторы: магистр оқытушы Бердібек А.М. Клуб мүшелері: 6В01101-Педагогика және психология, 6В01301-Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламаларының 1-курс білім алушылары. "Томирис" қыздар клубының мақсаты: қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, жеке өмірде отбасылық міндеттерді алған білімімен  ұштастыра  білетін ұлтжанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін шынайы қызбала қалыптастыру және мектепте білім алушыларының сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын текті қыздар ортасын құру.  "Томирис" қыздар клубының міндеті: 
•    тарихи дара тұлға  арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ қызының жиынтық бейнесін қалыптастыру;
•    ұрпаққа берілер ұлттық тәрбие көзі ретінде даярлау;
•    кез келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сөйлеуді дамыту;
•    сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, салауатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстануды үйрету;
•    қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұлттық құндылықтармен сабақтастыру;
•    болашақ ұлт анасы ретінде қыздарды отбасы өміріне даярлау;
•    салт-дәстүрді дәріптеп, жүзеге асыруға баулу.