Тәуелсіздік күніне арналған "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" атты мерекелік кеш

Желтоқсан айының 12 күні, университет қабырғасында Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" атты меркелік кеш өтті.

Тәуелсіздік мерекесі – өз тарихында тұңғыш рет заманауи мемлекет құрған Қазақстан халқының ауқымды тарихи жетістіктерінің жарқын көрінісі. Қазақстан үшін бұл жылдар ілгерілеу мен орнықты даму кезеңі болды. Осы аралықта ел экономикасы қарқынды дамып, тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты.

Мерекелік шарада "Сырдария" университетінің Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Нұрқасым Бейсенбайұлы Шегенбаев университет ұжымын ҚР Тәуелсіздігі мерекесімен құттықтады.

 

12-12-2020

Мәдени шара барысында Нұрқасым Бейсенбайұлы 2019 жыл – Жастар жылы аясында "Nur Otan" партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының атынан университетте белсенді жұмыс атқарқан жастарды марапаттады. Сондай-ақ, олардың жұмыстарына сәттілік, еңбектеріне табыс тілеп, оқу ордамыздың білім алушы студент-жастарына емтихан сынынан сүрінбей өтулеріне тілектестік білдірді.

Тағылымды шарада Syrdariya Union орталығының басшысы Бектеміс Мейірхан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, қоғамдық шараларда белсенділік танытып жүрген, университеттің саяси-қоғамдық, мәдени өміріне араласып, қол жеткізген жетістіктерін өзгелерге үлгі ету мақсатында белсенді студенттерге өз атынан алғыс хаттар табыстады.

12-12-2020

Салтанатты кеш ҚР Мемлекеттік Әнұранынан бастау алып, қазақтың әсем әндерімен және тәтті күйлерімен жалғасын тапты. Кеш барысында орындалған "Егемен Қазақстан" күйі, "Қазағым", "Атамекен" сияқты патриоттық тақырыптағы әндер залда отырған көрермендерге рух беріп, тамаша бір сезімге бөледі.

Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

 

 

Теги:

Оқиға категориялары