Ғалым - ұстаз

Рейтинг Media
№16 (618)

Чиназбек Ибраимов - есімі елімізге танымал ғалым. Ол «Сырдария» университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасында жастарға мамандықтың шебері болу жолдарын, білім мен ғылым шыңдарын иелену сырларын үйретуде. Шәкіртінің әрбір қадамын қадір түтатын, олардың жетістікке жетуі жолында аянбай тер төге білетін ғалым.
 
Ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге, ағартушылыққа арнаған ғалым- ұстаз Чиназбек Ибраимовтың тәлімі мол, өнегелі өмірі өзгелерге үлгі.
Ұстаз-ғалымның жетекшілігінде дайындалған 1 ғылым кандидаты және 6 ғылым магистрі қазіргі күнде ағарту саласында жемісті еңбек етуде. Жоғары оқу орындарында мыңдаған студенттерге жоғары деңгейде тәлім-тәрбие берді. Жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін 60- тан астам ғылыми мақалаларда жариялады.
 Чиназбек Ибраимовтың аса қызуғышылықпен жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары, негізінен, аналитикалық химия саласына қатысты. Қазіргі кезде аса маңызды мәселелердің бірі болып саналатын фотометрлік және спектрофотометрлік талдау әдістерінде қолданыс тауып жатқан оксиазореагенттер және олардың металл иондарымен әртүрлі қышқылдық орталарда берген кешендердің жағдайлары және олардың аналитикалық сипаттамалары белгілі болды.
 Ол біріншілер қатарында ғылыми ізденістері зерттелген нысандардың электрондық есептеу машиналары және экспериментальдық спектрофотометрлік әдістері арқылы алынған нәтижелерді түсіндіру, оны жіктеу интерпретациялау болып табылды. Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстары тәжірибе деңгейінде жүргізілетін ізденістерге қарағанда әлдеқайда терең мағыналы мүмкіншіліктерге жол ашты. Нәтижесінде жаңа спектрофотометрлік және фотометрлік аналитикалық әдістерді тауып, оны жолға қою бағытындағы ғылыми ізденістерге айқын теориялық негізде бағыттылық жасауға, жаңа синтезделетін оксиазореагенттердің аналитикалық қасиеттерін болжауға мүмкіндіктер берді.


Ақмарал Төлендина, «Сырдария» университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты
 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары