«Сән және ән шеруі» атты шығармашылық кеш
- 1 view
«Сән және ән шеруі» атты шығармашылық кеші жылда өтетін факультеттің дәстүрлі іс-шарасы. Қазақ топырағы қай заманда да таланттан кенде болмаған.
Ия, талант бұл өнер. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс.
Дүниенің бір қайталанбас қызығы бар. Ол керемет нәрселердің өте қарапайым жасалатындығы. Осынау талайларды ойландырған, тамсандырған бұл құбылыстарды сән әлемінен де жолықтыруға болады. Сән адамзат баласымен бірге пайда болды.
Сән француз тілінен аударғанда «Мода», ал латын тілінен аударғанда өлшем, әрекет, тәсіл, яғни, киім қию деген мағына береді.
Сән әлеміне кіргісі келетіндердің бір ғана мұраты мен мақсаты болады. Ол өзіңнің формаңды табу, яғни сән үлгілері арқылы өзіңнің талғамыңды, көзқарасыңды таныту. Біздің бармақтарынан бал тамған, шебер, дизайн қыздарымыз тек матадан ғана емес қағаздан, клёнкадан, тіпті дискеттен де киімдер жасай алады.
Сән - бұл айрықша әдіс, бейне, әлеуметтік ақпаратты өңдеуші өлшемі. Ал жаңа модельді ойлап табушы, жасаушы автор сәнгер болып саналады.
Болашақта біздің студенттеріміз әлемді мойындатқан отандық сәнқой дизайнерлеріміз Сабыргүл Асанова, Балнұр Асанова, Құралай Нұрқадилова, Аида Кауменова сияқты дизайнер болады деп сенеміз.
«Дизайн» білім беру бағдарламасының студенттері қиындықтарды еңсеріп, өз ой-өрісін ілгерілете отырып, «Сән және ән шеруі» шығармашылық кешінде түрлі ұлттар мен қазақтардың ұлттық киімдерінің топтамаларын көпшілікке ұсынды.
Студенттерге киім үлгісін ұсынуда бағыт берген жетекшілер Абдикеримова Алтынай Карабековна, Кенжебек Жазира Базарбайқызы Сындарова Жанар Абилбуллаевна сынды дизайнерлерімізге айтар алғысым шексіз.
Факультет деканы: Ұлданай Әлібекқызы Сапарбаева
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет