Фарабитанушы Ақжан әл-Машани мұрасын дәріптеу
- 1 view
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «фарабитанушы Ақжан әл-Машани мұрасын дәріптеу» атты пікір алмасу алаңы
2020 жылдың 26 қарашасында «Сырдария» университеті «Отан және шетел тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «фарабитанушы Ақжан әл-Машани мұрасын дәріптеу» атты онлайн форматта пікір алмасу алаңы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы елі-мізде ғана емес, ЮНЕСКО деңге-йін-де аталып өтпек. Ал, жылдан жылға әл-Фарабидің ғылыми мұраларын оқулықтарға, оқу үдерісіне еңгізу, білім алушыларды ұлы баба өнегесінде оқыту және тәрбиелеу мәселесінің өзектілігі артып келеді.
Бүкіл мұсылман шығысында жас ұрпаққа әл-Фараби мұраларын оқыту туралы тұңғыш рет ой қозғап, ғұламаның ұлы ойшыл-философ, математик, жаратылыстанушы, музыкатанушы, педагог ретіндегі еңбектерін зерттеуге, жарыққа шығаруға және насихаттауға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым, профессор Ақжан әл-Машани (Машанов) туралы сөз қозғау болды.
«Филология және гуманитарлық білім» факултьтеті деканы, т.ғ.к., доцент М.Б.Мейірбеков Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойымен құттықтап, іс-шара мақсаты мен жоспарын таныстырып өтті. Т.ғ.д., доцент А.И. Құдайбергенова «Ақжан Әл Машани—дін мен ғылымды тұтастандырған ғалым» атты тақырыбын арқау етіп ой толғады.
Т.ғ.к., доцент М.Б. Мейірбеков Әбу Насыр әл-Фарабидің әлеуметтік көзқарастарын тарих тағылымы мен байланыстыра отырып, кейбір мәселелерге тоқталып кетті.
Аға оқытушы А.Қ.Турманов Әбу Насыр әл Фараби мұрасын зерттеген, біздің қазіргі ұрпаққа дәріптеп жеткізе білген Ақжан Әл Машани жайында өз ойын баяндады.
Іс-шара барысында қатысушы магистранттар мен студенттер көкейкесті сұрақтарына толыққанды жауап ала алды. Сонымен қоса, «Сырдария» университетінің ғалым хатшысы ф.ғ.к., доцент Әбенова Ләззат Усманқызы іс-шараны ұйымдастыру алқасына өзінің ыстық лебіздерін білдіріп, ерекше ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Сөз соңында «Сырдария» университеті, «Филология және гуманитарлық білім» факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент М.Б. Мейірбеков барлық қатысушыларға өз алғысын айтып, іс-шараны қорытындылады.
Өскелең ұрпақ үшін әл-Фарабидің өмірі - бұл өмірдің үлгісі және білімге деген ұмтылыс, әлемді түсіну және өмірдің мәнін түсінумен тең. Ендеше ұлы ұстаздың даналығын бойымызға сіңдіріп, ұлт болашағы жолында аянбай күресуіміз қажет!
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет