Оқу мен тәрбиені ұштастырған білім ордасы
- 1 view
«Сырдария» университеті еліміздің қиыр оңтустігіндегі іргелі білім ордасы. Құрылғанына міне он жылдан асыл барады. Университет дайындаған мамандар еліміз экономикасының әртүрлі салаларында жемісті еңбек атқарып келеді.
Білім ордасында оқу процесімен қатар, тәрбие жұмыстарының жүргізілуіне де терең көніл бөлінеді. 2008 жылдың қыркүйек айында құрылған Жастар ісі жөніндегі комитет жанынан құрылған қабілеті бар, дарынды студенттерге арнап "Шабыт" ақындар клубы, КТК клубы, "Мырзашөл" пікірсайыс клубы, Студенттік омбудсмен, спорт үйірмесі ашылған. Қазіргі қезде аталған клубтар мен үйірмелерге мүше студент жастар өз қабілеттерін шындап, әртүрлі аудандық сайыстарда жеңіс тұғырларынан көрініп келеді.
Сонымен қатар, "Нұр Отан'' ХДП "Жас Отан" Жастар Қанаты және «Мақтаарал жастары» Жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған іс-шараларға да университет жастары белсенді қатысып, іргелі елдің отансүйгіш азаматтары екендігін үнемі дәлелдеу үстінде.
«Тәрбиесіз берілген білім жемісін бермейді» деген аталы сөз бар түркі жұртында. Кезкелген жерде тәрбиелі де инабатты, білімді де білікті маманды талап ететіні сөзсіз. Университет қабырғасында "Қазақстан азаматының міндеттері», «Тәні саудың жаны сау", «Азаматтық көшбасшылыққа баулу», «Жастардың әлеуметтік мәселелері қаңдай?» деген тақырыптарда пікірсайыстар, дөңгелек үстелдер, сауалнамалар үздіксіз жүргізіліп отырады.
Университет президенті Е.Аяшева ханым да жастар тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуына бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетіп отыр. "Балам деген ел болмаса, елім деген бала қайдан шықсын" деген ғой дана бабаларымыз. Оқу мен тәрбиені білімнін терең арнасында үйлестіре білсек қана саналы азамат пен сапалы білім иесіп қалыптастыра аламыз. Тек осы жолда жұдырыктай жұмыла білейік.
Б.ТАСЖАНОВ, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу