"СЫРДАРИЯ'' УНИВЕРСИТЕТI әлемдік білім беру кеңістігінде
- 1 view
«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген міндеттердің бірі - жоғары оқу орындарында несиелік жүйемен оқытуды енгізу, яғни Қазақстандық білім жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру. Несиелік жүйемен оқытудың басты ерекшелігі - студенттін өзіндік ізденуіне жол ашады. Оқытушы студентке өтілген тақырыпты меңгеруге қажетті бағыт-бағдар береді. Несиелік жүйенің негізгі ұстанымы-студентке сенім білдіру арқылы, тақырыпты шығармашылықпен меңгеруге бағдар беру.
Несиелік жүйеге көшудегі басты шешілмеген проблемалардың бірі-студенттердің білім алудағы жаңаша көзқарасқа психологиялық тұрғыда енжар бейімделуі. Осы проблема студенттер мектеп қабырғасынан өздігінен білім алуға, дербестікке үйренгенде ғана шешіледі.
Оқушылар мектепте интерактивті оқыту әдістерін меңгеріп, қажетті ақпаратты өз бетінше табуға, білімді тексеру түрлерін жете біліп, өз білімін бағалай білуге дағдылануы қажет.
XXI ғасыр мектебінің алдында білімді компьютерлендіру, интернет - сыныптарды ашу, оқытудың техникалық құралдарын кеңінен қолдану міндеттері тұр.
Қазақстан мектептерінде бір компьютерге 54 оқушыдан, АҚШ-та 4 оқушыдан келеді екен. 2010 жылы мектептерде бір компьютерге 20 оқушыдан келетін арақатынас жоспарлануда.
Несиелік жүйеге байланысты оқу үрдісіне оқытудың интерактивті әдісін енгізу қажеттілігі туындайды.
Интерактивті оқыту әдістерін іске асыру үшін электрондық оқу залында пәндердің студентке арналған оқу бағдарламалары (силлабустар), өзіндік жұмыстардың тапсырмалары (СӨЖ) қорытынды бақылаудың тестілік сұрақтары болуы міндетті.
Студенттердің өз бетімен жұмыс жасауына, керекті ақпаратты әлемдік қорлардан іздеп, оқуға деген ынтасын, қызығуын артгыруда «Интернеттің» рөлі жоғары. Интернет студентке материалды асықпай оқып білуге, алынған ақпаратты талдау жасауына мүмкіндік береді, өзіндік пікірін қалыптастырады.
Қазіргі кезендегі оқыту үрдісінде электрондық оқулықтарды қолданудын да тиімділігі артып отыр.
Электрондық оқулықтардың ерекшеліктері:
-мәтінге қатысты анимацияларды, иллюстрацияларды, білімді тексеруге арналған интерактивті режимдегі тапсырмаларды қамтиды;
-көрнекілік ретінде мультимедиялық технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді;
-құрылымы жағынан ашық жүйе болып табылады;
-қолдану барысында толықтырулар, өзгерістер енгізуге, материалды жаналап отыруға болады.
Интернетті, электронды оқулықтарды қолдану студенттің шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді, танымдық қызығушылығып арттырып, ақпараттық білім аукымын кеңейтеді.
Ия, бүгінгі заманға лайық кадр дайындауда алаңдайтын жағдайлар жою емес. Қандай жақсы бағдарлама, мықты оқытушы, студенттер қабілетті болғанымен, оқу құралдары, ақпараттық құрал-жабдықтар және оқу залдары жеткіліксіз болса, оқу жүйесін жақсарту мүмкін емес.
«Сырдария» университетінің ұжымы осы бағытта нақты қадамдар жасауда, 12-кабинетте орналасқан 136 компьютер Интернет желісіне жалғанған, бір компьютерге 10 студенттен келеді. Электрондық оқулықтардың жалпы саны 1154, оның-214-і қазақ тілінде, 940-ы орыс тілінде. Электрондық оқу залдарындағы компьютерлерде барлық пәндер бойынша силлабустар, ОБСӨЖ және емтихандардың тестілік тапсырмалары жинақталған.
Биылғы оқу жылында қазақ ұлттық, қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері, Оңтустік Қазақстан мемлекеттік университеттерінде «Кредиттік оқыту жүйесінің интерактивті әдістемесі» курстарында біліктілігін жоғарылатқан 14 оқытушы мен электрондық оқулықтар дайындаған 30 оқытушының ашық сабақтары мультимедиалық орталықта университеттін жас оқытушыларының қатысуымен өтті.
Сонғы жылдары компьютерлік техникалардың қарқынды дамуына байланысты мультимедиа ұғымы пайда болды.
Мультимедиа - (ағылшын сөзі multimedia: multum- көп және media, -mеdium-opтa, құралдар) -зерттелетін объектілерді, құрылыстар мен оқиғаларды бейнелеу тәсілдерінің жинағы. Мультимедиа ұғымы, жалпы мультимедиа құралдары бір жағынан, әр алуан ақпаратты компьютерлік өндеумен байланысты болса, екінші жағынан, білім беруге ықпал етеді, тиімділігін арттырады.
Мультимедиа технологияларын оқыту үрдісінде пайдалануға негізделген ақпараттық ресурстарға: электрондық оқулықтар, қолданбалы мультимедиа энциклопедиялары, білім деңгейлерін тексеруге арналған мультимедиа құралдары, электрондық тренажерлар, виртуальдық зертханалардың құралдары, автоматтандырылған үйретуші жүйлер жатады.
Қазіргі заманғы мультимедиа ресурстары материалды жай баяндаумен шектелмейді, компьютер экранында өтіп жатқан окиға барысына қатысуды, материалды игеру жолын таңдауды ұсынады.
Оқытудың тиімділігін арттыратын құралдардың қатарына ең алдымен интерактивті мультимедиа тақтасын жатқызу қажет.
«Интерактивті тақта» дегеніміз дәстүрлі тақтаның барлық сапасына ие, сонымен бірге, келесі мүмкіндіктері бар тақта:
-электрондық кескіндердің графикалық түсініктемелерін беру;
-бір мезгілде барлык студенттердің жұмысына сараптама жүргізуге және тексеруге мүмкіндік береді;
- диалогка құрылған, интерактивті оқытуды жүргізеді.
Интерактивті тактаның маңызды сипаттамасы оның «өлшемсіздігі», яғни тіркелетін ақпарат мөлшері шексіз алаңга орналаса алады, жазылғанның барлығы шексіз ұзақ сақталады. Тақтада бейнеленген ақпараттың барлығын бүкіл сабақ бойына пайдалануға болады. Оқушы немесе студент керек кезде алдыңғы ақпаратқа қайта қайырыла алады. Өткен сабақтың ақпаратын келесі сабақтарға пайдалануға болады.
Интерактивті тақтаның тағы бір айырмашылығы, ақпарат кескінінің сапасын арттыруға арналған құралдардың көптілігі: тақтаға жазғанда кез-келген түсті, мөлшерді, форманы қолдануға болады.
Ақпараттық мультимедиалық технологияны орта білім беру жүйесінде қолдану-қазіргі заман талабы болса, оны жузеге асырушы мұғалім. Ақпараттық мультимедиалық технологияны кез келген педагог еркін игеруі қажет. Мектепке ақпараттандыру жағдайында шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа ақпараттық технологияны жете меңгерген педагог қажет. Сондықтан мультимедиалық құралдарды, оның ішінде интерактивті тақтаны оқыту құралы ретінде оқу үрдісінде еркін пайдалана білетін педагогтар дайындау қажеттігі туындайды.
Мамыр айынын 11-23 жұлдызы аралығында "Cырдария" университетінің мультимедиалық орталығында бітіруші студенттер үшін «Интерактивті мутьтимедиалық тақтаны оқыту процесінде пайдалану» атты біліктілікті көтеру курсы ұйымдастырылды.
Бұл оқу курсы университет түлектерік болашақ педагогикалық қызметке жан-жақты сапалы дайындау мақсатында өткізілді. Сабақтар екі арнайы компьютерлік сыныптарда: заманауи компьютерлік техникамен, оның ішінде интерактивті тақта мен жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен жабдықталған виртуальды кітапхана мен қашықтан оқыту кабинетінде өткізілді.
Курс тыңдаушыларына университетіміздің оқытушылары Өтегенова О.К. "Батырлық жырлардың дуниетанымдық және тәрбиелік мәні, Абдразақова Н.П. "Маркетингтегі коммуникация жүйесі, Әбілқайыров С. ”Бұлшық еттер туралы ілім. Тұлға кұрсақ және арқа бұлшық еттері», Қошқаров Ж.А. "Етістіктердің сөзжасамы” деген тақырыптарда интерактивті тақтаны қолданып ашық сабақтар өткізді.
Практикалық сабақтар барысында студенттер мультимедиалық презентация кұруға арналған Power Point бағдарламасын меңгеріп шықты. Барлық сабақтар Шпенглер С.А. басшылығымен өткізіледі.
Университет профессор-оқытушылары дайындаған 140 электронды оқулықтарды студенттер көмекші кұрал ретінде пайдаланды. Осы электронды оқулыктардан студенттер сабақ жоспарын жасау үшін қажетті лекция мәтіңдерін, суреттер галереясын, көрнекіліктер мен аудио және видео файлдар туралы мәліметтер алды.
Курста қажетті білімдерді менгеріп, сертификат алған жас мамандар, "Сырдария" университетінің түлектері заманауи компьютерлік технологияларды емін-еркін пайдаланып, білім беру мекемелерінде белсенді түрде педагогикалық қызмет атқара алады.
С.Д.МАМРАЙЫМОВ, «Сырдария» университетінің оқу-әдістемелік басқарма меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу