«Адалдықты таңдау – болашағын таңдауды білдіреді»

4.11.2024 жылы «Педагогика және бастауышты оқытудың әдістемесі» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Г.Б. Жораева 1-4 курс білім алушылар арасында «Адалдықты таңдау – болашағын таңдауды білдіреді» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдықты насихаттау мақсатында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында сыбайлас жемқорлықтың зияны, адалдықтың маңызы мен қоғамдағы рөлі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара кезінде қатысушыларға заңсыздықтардың алдын алу жолдары, адалдық қағидаттарын ұстанудың маңызы және болашақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ұсыныстар ұсынылды. Қатысушылар өз тәжірибелері мен білімдерімен бөлісіп, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін теріс әсерлері туралы сөз қозғап, адалдықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Оқиға категориялары