«Сырдария» университетінің болашағы үлкен
- 1 view
Бізге оқуга келіңіздер!
Мемлекеттің өркендеуінде аса маңызды рөл атқаратын негізгі тірек, білім мен ғылымды дамыту мәселесі күн тәртібінен түспек емес. Елбасымыздың жыл сайынғы жолдауларында білім беру жүйесің жетілдіруге байланысты талаптарымен қатар бағыт-бағдарлар да көрсетіліп келеді. Қазақ елінің дүние-жүзілік білім беру кеңістігіне кіруін қамтамасыз етудегі негізгі талаптардың бірі-бұл мамандықтардың халықаралық аккредитациясы. Бұл дегеніміз - аккредитация процедурасынан өткен мамандықтар және сол мамандықтарды бітірген жастардың дипломы шет елдерде танылады да, мойындалады.
Бүгінгі таңда университет ұжымы мемлекеттік лицензиясына сәйкес 25 бакалавриат және 8 магистратура мамандықтары бойынша 5 мынға жуық ел игілі үшін қызмет ететін кадрлар дайындауда. Оң жылдын ішінде ғаламат жұмыстар игерілді. Атап айтатын болсак, материалды- техникалык база нығайды, оқу ғимаратгары, студснтгік сарайлар мен жатакханалар казіргі өмірдін талабына сай жетілдірілді. Бұл жағынан біздін «Сырдария» университеті мемлекетгік емес оку орындарының алдынғы катарында десек кателеспейміз.
Университетіміз 2008 жылдын желтоқсан айында мемлекеттік «Парыз» номинациясы бойынша жүлдегер атанды. Жыл сайын өркеңдеп дамып келе жатқан оқу орнына Елбасымыз екі рет атбасын бұрды. Бұл есте қаларлық тарихи окиға болашақ ұрпақ үшін маңызды. Мемлекеттік емес оқу орындарында Елбасымыз күні бүгінге дейін атбасын бұрган емес.
Университетімізде 2009 жылдың 20 қантар күні кеңейтілген ғылыми кеңестің мәжілісі өтті. Халықаралық аккредитацияға байланысты университете құрылымдық өзгерістер болды. Бақылаудан өтетін мамандықтар белгіленді: биология, химия, информатика, физика және экономика. Ректорат бұл іс-шараларға, онын ішінде жаңа лабораторияларга, құрал-жабдықтар сатып алуға 500 мың АКШ доллар көлемінде қаражат жұмсауды көздеп отыр.
Әрине, материалдық-техникалық базамен, сұлу ғимаратгар, кітапханалар мен туындап жатқан мәселелерді дерліктей шешу мүмкін емес. Бүгінгі танда жас ұрпаққа сапалы білім беру қажеттілігі туындап отыр. Әлем денгейіндегі жоғарғы оқу орындары (ЖОО) қатарына кіру үшін университеттің барлық жұмыстары сараптамадан өтіп, «Берлиндік 16 принципіне» сай болу керек. Мысалы, профессор-окытушылардың ғылыми денгейі, халықаралық қатынастар тағы басқа да талаптар. "Сырдария" университетінің әкімшілігі осы мақсаттағы игі істерді жүзеге асыра береді.
Мырзашөл төріне орналасқан бүл жоғарғы оқу орнының болашағы үлкен.
Ә.ӘШІРОВ, "Сырдария" университетінін ректоры
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу