Жетісайдың Нұрғисасы - Бөрі Иса
- 1 view
Кең байтақ, Қазақстан Республикасының Қиыр Оңтүстігі саналған Мырзашөл төсіне қос тігіп, шаңырақ көтерген Мақтаарал ауданына 90 жыл толып отыр. Бұл аз мерзім емес. Еліміздің ғажайып өлкесіне осы жылдар ішінде Ілияс Жансүгіров, Сабит Мұқанов, Дінмухамед Қонаев, Нурсултан Назарбаев, Әлкей Марғұлан, Мұхтар Әуезов, Иманғали Тасмағанбетов, Хабидолла Тастанов, Шамғон Қажығалиев, Нурғиса Тілендиев, Рахманқул Бердібаев, Әбіш Кекілбаев, Ақселеу Сейдімбеков сынды небір қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, өнер қайраткерлері аяқ басқанын жане Мырзашөл өңірі, өнері жайында бағамды бағаларын, жан-жақты тұжырымдарын бергенін ақпарат ағымдарынан білеміз.
Мысалы, ғулама жазушы Мұхтар Әуезов: “... Ильич, Киров, Мақтаарал аудандары, мані-жөні бөлек, шөлді шүлөн еткен, жоқты бар, болымсызды - мол еткен, біріне-бірі сай ырыс өлкелер... Біз Мырзашөлдің Оңтүстік Қазақстанға қараған узын өлкесін түгел шолдық. Бәрінде өнерлі, еңбек тудырған, тоғайлы, сулы, мақталы, қалалы, қыстақты, берекелі, жемісті мәдениет орнатқан өлкелерді танисың», - деген.
Ал, Рахманқул Бердібаев: «Мырзашөл өңірі - өзінің ақ мақтасымен ертеден даңққа бөленген шырайлы өлке, 6ул өңірден қынаптан қылыш суырғандай, айтыскер ақын, айыр көмей шешен, жезтаңдай әнші, ғаламат күйші, халықты Қоқан хандығына қарсы көтерген жаужүрек батырлар көп шыққан. Мырзашөл елі осындай өнерпаздық дәстүрін бүгінгі күнге жалғап әкеп отыр. Әтгең, зерттеушісі кемдік етеді. Мырзашөл өңіріне орналасқан Киров, Жетісай, Мақтаарал сынды үш ауданның мәдени орталығы - Жетісай үш ауданға ғана емес, баласын оқыту, қазақ тіліндегі кітап, газет-журналдар алып кету, сауда жүргізу жөнінен Өзбекстан, Түрікменстан, тіпті, от оранған Тажікстан Республикаларындағы қазақтардың рухани орталығы шақырып турар отандық символы. Демек, Жетісай бірнеше мемлекетті қамтитын Жиделі Байсын жерін, елін тутастырып жатқан байрақ қала, байтақ дала...», - деген екен.
Осы Мырзашөл төсіне қос тігіп, шаңырақ көтерген Мақтаарал ауданында елдің еңсесін биіктеткен, өз саласында ер атанған, бұрынғы өткен бабалар ізгілігін жалғастырған атпал азаматтар баршылык,. Рухани дүниесі бар халықтың бары да нары, болашағы дел жан аямай бар саналы ғұмырын еліне арнаған, азаматтың бірі де бірегейі - Бөрі Иса.
Оның Шымкенттегі музыкалық училищені бітіріп, тек қана бір ауданда 18 жасынан өнер саласында үздіксіз еңбек еткеніне биыл 51 жыл болып отыр екен. Мен Бөрі Исаұлының шығармашылығын, күй жинактарынан ертерек танылым. Жалпы оны үздіксіз еңбек еткеніне биыл 51 жыл болып отыр екен. Мен Бөрі Исаұлының шығармашылығын, күй жинақтарынан ертерек таныдым. Жалпы, оны Оңтүстік Қазақстан облысының өнер саласындағы мамандары мен ұстаздары, соның ішінде белгілі күйтанушы Т.Мерғалиев аңыз қылып айтатын.
Жақын білудің, шығармашылығымен етене танысудың сәтіне тағы да киелі өнер жол ашты.
“Тектіліктің терісін теріс айналдырсаң да өңін көрсетеді” дегендей, үлгілі тәртібі, мәдениетімен көзге түсіп, үздіктер қатарында оқыды. Консерватория қабырғасында жүріп, Н.Тілендиев, М.Өскенбаев, Ә.Есқалиев, күйші Әлшекей Бектібаев атындағы бірнеше конкурстарға қатысып, «бас» жүлдеден бастап әрқашан биіктерден көрінді. Жеке және халық аспаптары оркестрі құрамында республика және алыс-жақын шетелдерде өнер көрсетті. «Күй тартыс» тобының белді орындаушысы болды.
Бөрі Исаұлы 1945 жылы 15 тамызда Арыс ауданы, Қараспан селосында қарапайым отбасында туылған. Орта мектептен соң табиғаттың өзі берген таланты жетелеп, 1963 жылы Шымкент музыкалық училищесін домбыратенор мамандығы бойынша С.Әжиева класынан, 1966-1971 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын Т.Мерғалиев (домбыра) Б.Әбдіхалықов, Ш.Қажығалиевтен (дирижер) екі мамандық бойынша бітіреді.
1963 жылы Жетісай мәдениет үйінің ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі қызметінен бастап, Жетісай қазақ педагогикалық училищесінің мұғалімі, Жетісай мәдени-ағарту училищесінің оқу істері жөніндегі директорының орынбасары, Жетісай қазақ музыка театрының бас дирижері, Халықаралық қазақ-түрік университеті Жетісай бөлімшесінің аға оқытушысы, «Сырдария» университеті «Ән және саз» кафедра- сының меңгерушісі, өнертану ғылымының доценті, профессоры дәрежелеріне жеткен.
Өнердің өріне өрлеген өрісте өнегелі өмірі жатыр. Білдім деп бәсеңдемеген, жеттім деп желікпеген маман мұзарт шыңнан көрінер болса, бұл да Бөрі Исаға тән қасиет. 1980 жылы Мәскеу, Ленинград қалаларында театр дирижері ретінде, 1989 жылы Челябі каласында білім жетілдіру институтында орыс ұлт аспаптары оркестрімен жұмыс істеп, білімін жетілдірген. Осы жылдар ішінде 15-тен астам музыкалық қойылым, «Қыз Жібек». «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Айсұлу», «Аршын мал алан», «Малинов- кадағы той», т.б. бірнеше спектаклге музыка жазып, 40-тан астам қойылымдардың музыкасын құрастырған және әркез жоғары бағаланған. Ұлы жазушы Ғ.Мүсірепов: «Бөрі, айналайын! Мен бүгін «Жалбыр» музыкалық драмасының 1936 жылғы нұсқасын көргендей болдым», - деген сынды пікірлер мұрағат қорында көптеп саналады.
Сонымен қатар, Бөрі Исаұлының ұзақ жылдық өнерін, шығармашылығын Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы К.Қазыбаев, Мәде- ниет министрлері Ж.Еркінбеков, Е.Рахмадиев, ҚКОК үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Қ.Сұлтанов, ұлы жазушы Ғ.Мүсірепов, танымал режиссер А.Тоқпанов, өнер саңлақтары Ш. Қажығалиев, Н.Тілендиев сынды ұлылар, қоғам қайраткерлері де жоғары бағалаған. Ол жанкешті еңбегімен 1960-70 жылдардың өзінде Бүкілодақтық фестивальдің, Бүкілодақтық халық творчествосы фестивалінің лауреаттары атанды.
Бөрі Иса - Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері, «2000 жылдың ең үздік орындаушысы». КСРО-ның «Үздік еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін», Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған мерекелік медальдің, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», Ахмет Байтжрсынов атындағы қола медалдардьщ, тағы басқа марапаттардың иегері.
Ордабасы төбесінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан Республикаларының Президенттері қатысқан мәдени іс-шарада облыстың біріккен үлкен оркестріне дирижерлық жасауының өзі бұл саладағы танымалдығын, кәсіби дәрежесін көрсетеді.
Гастрольдік сапармен республика бойынша: Қызылорда, Шымкент, Жамбыл жене Алматы опера-балет театрында, басқа да көптеген қалаларда, Ташкент қаласының Мұхими театрында, Нөкістегі опера-балет театрында, Мәскеу «Кремль Сарайында», т.б. үлкен сахналарда өнер көрсетті. Ташкент теледидарының «Замандас» бағдарламасына жеті рет шыққан. Алматы теледидарынан «Тоғыз тарау» айдарымен бірнеше күй орындап және 16 күйін «Дыбыс» жазу мемлекеттік студиясында үн-таспаға жаздырып, ол көркемдік кеңестен қолдау тапқан.
1984 жылы Алматы теледидарында Б.Александровтың «Малиновкадағы той» опереттасын жаздырған. Мұны сол жылдардағы ерекше құбылыс, деу әбден орынды.
Бөрі Исаұлын өзгеден ерекшелейтін тұсы - төлтумалық қасиеті. «Ақсақ құлан», «Желтоқсан», «Жиделі Байсын» партшуралар, «Алтын аймақ мекенім» әндер, домбырашылар ансамбліне арнаған «Мерекелік күй», симфониялық оркестрге арналған «Наурыз тойы» жинақтары баспадан жарық көрді.
Барлық шығармалары «Отырар сазы» оркестрі, Талдықорған, Шымкент, т.б. қалалардың ұлттық оркестрлерінде орындалып келуде. Алдағы жылдары барлық оркестрлер репертуарынан да орын ала береді, деп сеніммен айтуға негіз бар.
Бөрі Исаұлы - жаңалыққа жаны жақын ізденімпаз маман. Жетісай қаласы, “Жеңіс“ алаңында 1000 адамнан құралған домбырашылар ансамблімен «Төпеңкөк», «Балбырауын» күйлерін орындатқызуы заманмен үндескен жасампаздығын танытады.
Оның оркестр мен хорға арналған «Армысың, XXI ғасыр!» ораториясы (Жетісай халық оркестрі мен халық хорының орындауында) тел туындысы да осы санатта.
Міне, баспаға енді дайындап жатқан қобыз бен скрилкаға арнайы күйсандық сүйемелдеуімен жазылған «Жеңіс жолы» атты жинағы хақында айтсақ: «Желтоқсан», «Жеңіс жолы», «Мерекелік күй», «Наурыз тойы», «Желдірме» шығармалары - бірлі- жарым ойналып жүрген дүниелер. Барлық шығармаларынан баба дәстүрдің лебін сезесіз және жаңашылдық үрдісін де айтып өту орынды.
Қазіргі таңда қобыз бен скрипканың фортепиано сүйемелдеуінде орындалатын шығармалардың қатары азайған тұста, бұл жинақтың музыка мектептері, колледждері, музыкалық білім мамандығын беретін жоғары оқу орындары үшін бірден-бір таптырмайтын оқу құралы болары сөзсіз.
Ғабит ҚОСАН,
«Сырдария» университетінің оқытушысы,
ғылым магистрі
Сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/2TZE/3wvJGRdv7
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу