"Музыкалық білім" кафедрасында
- 1 view
Бүгінгі қоғам талабына сай жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, мәдениеті жоғары, ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болатын өнерлі, рухани бай, шеберліктің шыңына шыққан мамандар даярлауда «Музыкалық білім» кафедрасы орасан зор қызметтер атқаруда.
20 жылдық тарихы бар университетте алғаш ашылған «Музыкалық білім» кафедрасы тәуелсіз еліміздің мәдениетті де зиялы азаматы болуы үшін ана тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихын білумен қатар, халқымыздың музыка мәдениеті саласынан да жан-жақты білімі бар мамандар даярлауда. Аянбай еңбек етіп келе жатқан профессор- оқытушыларымыз, ҚР мәдениет қайраткері, ЖАҚ доценті Бөрі Иса, ҚР мәдениет қайраткері, аға оқытушылар Бейсебаева Р.Ж., Мажимбеков С.А., Сапаркулов С.Х., п.ғ.к., доцент Утешева А.Ж., п.ғ.к., аға оқытушылар Мамиров Қ., Утемуратова Б.С., аға оқытушылар, ғылым магистрлері - Алимова А.Ш., Қаракүшікова Г.Ж., ғылым магистрлері Манапов А., Қосан Ғ., Абдухаликов Қ.Д., аға оқытушылар - Пұшпанов Ө.П., Августанович Т.С., концертмейстр Кужахметов Ю.И.
Кафедра меңгерушісі, доцент Бөрі Иса Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің қүрметті қызметкері», ҚР Білім және ғылым министрлігінің «А. Байтұрсынов» атындағы қола медалімен, Қазақстан Республикасы Президентініғі "Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мемлекеттік төсбелгісімен, «ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік төсбелгілерімен, кафедраның аға оқытушысы, ҚР мәдениет қайраткері С.Х.Сапаркулов Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік төсбелгілерімен марапатталған.
Қазіргі заманғы білім беру талаптарына сәйкес “Музыкалық білім” кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы музыкалық білім және музыкатану ғылым салалары бойынша ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстар жүргізуде. Доцент Бөрі Исаның «Алтын аймақ мекенім» әндері, «Жиделі Байсын» партитуралары, домбырашылар ансамбліне арнаған «Мерекелік күй», симфониялық оркестрге арналған «Наурыз тойы» атты жинақтары жарық көріп, оқу үрдісінде кеңінен пайдаланылуда.
“Музыкалық білім” кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, мәдениет салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды және болашақ әнші-күйшілерді даярлауда аянбай еңбек етіп келеді.
Кафедраның барлық оқытушылары шығармашылық жұмыстармен айналысады және әртүрлі деңгейдегі Республикалық, халықаралық, облыстық фестивальдардың лауреаттары. Атап айтар болсақ, ЖАК, доценті Бөрі Иса, ҚР мәдениет қайраткері Сапаркулов С.Х. бірнеше Республикалық байқаулардың лауреаты, аға оқытушы Г.Ж. Қаракүшікова Республикалық “Алмалы - 98” фестивалінің лауреаты, ғылым магистрі, оқытушы.
Абдухаликов Құрманғазы - республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, «Сүгір атындағы дәстүрлі орындаушылар байқауының» бас жүлде иегері, Б.Рыспанбетов атындағы аймақтық күйшілер байқауының бірінші орын иегері, ғылым магистрі, оқытушы, Қосан Ғабит - облыстық және аудандық байқаулардыц дипломанты.
ЖАҚ доценті Бөрі Иса басқаратын “Жетісай сазы’’ ұлт-аспаптар оркестрі Ордабасы ауданында ҒІұрғиса Тілендиевтің 80 жылдық мерей тойының қарсаңында өткен “Аққу” фестивалінің бас жүлдесін, “Ауыл жылы” аясында өткізілген “Мақтарал мақтаныштары-2005” ұлттық өнер фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған.
Студенттердің шығармашылық жұмыспен айналысуына “Жетісай сазы” ұлт-аспаптар оркестрі өз үлестерін қосып келуде. Сонымен қатар, бірнеше студенттеріміз оркестрдің мүшелері болып табылады.
Музыкалық білім мамандығын бітірген түлектер республиканың барлық облыстарында игілікті еңбек етіп, музыка мұғаліміне қойылған міндеттерді абыроймен атқарып жүр.
Еуразиялык, ұлттық университетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Ахтанова Салтанат Көбейбекқызы, Мақтаарал №1 аудандық балалар саз мектебінің директоры Дарменшеева Айнұр Анарбекқызы, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің оқытушысы, ғылым магистрі Сапарбаева Светлана Қуатбекқызы, Жетісай қаласындағы Ғ. Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің ұлағатты ұстаздары Ахметов Бірлікхан және Шамсуллин Мәлік, Ақтау қаласындағы облыстық филормониясының қобызшысы Мотыева Ақмарал Қожахметқызы, Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филормонияның әншісі Нұрашева Айнұр Жұмабекқызы.
«Музыкалық білім» мамандығы бойынша білім алған студенттерден Орынбасар Мейірман 2015 жылы Талдықорған мемлекеттік университетінде өткен І.Жансүгіров атындағы VII - Республикалық пәндік олимпиданың дипломанты, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық бойынша өз білімін жетілдірген.
4 курс, Муз-14 тобының студенттері Сайфуддинов Жаңабай, Боранбаев Бекзат 2017 жылдың республикалық «Жайдарман» көңілді тапқылар ойындарының жеңімпазы, «Сырдария» құрамасының белсенді мүшелері.
3 курс студенті Асқар Азаматбек аудандық «Арай-2018» байқауының лауреаты атанып, облыстық байқауға жолдама алды. Сонымен қатар 1- курс, Муз-17 тобының студенті Аманбаев Оманбек «Арай-2018» байқауында жүргізушілік қырымен көзге түсіп, 3 орынға ие болды. Өнер майталмандарын баптайтын кафедраның бүгінгі тыныс тіршілігі, қол жеткізген табыстары да мол.
Айсара АЛИМОВА, «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі
Сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/HA2P/fom1TrNeQ
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу