«Кибер алаяқтық қылмыстар және оны алдын алу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел

2024 жылғы 29 қарашада сағат 10:00-де «Құқық және бизнес» кафедрасы «Құқықтану» мамандығының студенттері үшін «Кибер алаяқтық қылмыстар және оны алдын алу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға ҚР сот жүйесінің ардагері, Шымкент қаласының Құрметті азаматы А.К. Елшібаев қатысты. Дөңгелек үстелді кафедра меңгерушісі з.ғ.к. Н.Р. Бижан ашты, содан кейін з.ғ.к. Е.Н. Тұрашев презентациямен «Кибер алаяқтық қылмыстар және оны алдын алу жолдары» тақырыбында баяндама ұсынды. Баяндама соңында студенттер баяндамашыға, кафедра меңгерушісіне және шақырылған қонаққа белсенді түрде сұрақтар қойып, тақырыпты талқылауға қатысты. 

Оқиға категориялары