Ғылыми мақала жазу әдістемесі
- 1 view
«Сырдария» университетінде Lesson Study (мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі) өтті. Жаңа дәуірдің жаңа бағдары, ол - білім беру саласындағы өзгерістер екені сөзсіз. Жалпы орта мектептердегі білім беру мазмұнының жаңғыруы педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарына үлкен жауапкершілік жүктейді.
Бүгінде «Сырдария» университеті педагогикалық кадрларды даярлайтын білім беру бағдарламаларын толықтай жаңартып, жаңа бетбұрыс жасап отыр.
Аталған бағдарлама негізінде профессор-оқытушылар құрамы жаңа технологиялар негізінде сабақ өткізуде.
Солардың бірі, «Білім беру технологиялары» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Файзиев Нұржан Сапарханұлы «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінен «Ғылыми мақала жазу әдістемесі» тақырыбында Lesson Study өтті.
Сабаққа 24-тен аса жас оқытушылар қатысып, сабақты зерттеді. Сабақта интербелсенді технологиялар кеңінен қолданылып, студенттердің өздігінен жұмыс жасауына, талдап, талқылауына, функционалды сауыттылығын қалыптастыруға мүмкіндіктер берілді. Сабақта мақала жайлы түсініктер беріліп, бірнеше түрлері көрсетілді.
Студенттер мақала сөзіне анықтамалар құрастырып, түрлі бағыттағы мақала тақырыптарын ажыраттып, ғылыми мақала тақырыптарын құрастырып, аннотациясын жазып шықты. Студенттер бір-бірлерінің жұмыстарын бағалап, талдау жасады.
Сабақ соңында профессор-оқытушылар сабаққа талдау жасап өз пікірлерімен бөлісті.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет